Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Адами қарым-қатынас ізгіліктері
9 - сынып
Тақырыбы: Адами қарым-қатынас ізгіліктері.
Мақсаты: оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
• адами қарым-қатынас жасау ізгіліктерін түсіндіру;
• адами қарым-қатынас жасауды ізгіліктерін дамыту;
• адами қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Оқушылар шаттық шеберіне шақырып, олармен амандасып Қ.Салықовты «Бір ауыз сөз» өлеңі оқылады. Бұл өлең жолдары арқылы адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіруде сөздің қадір-қасиетін ұғындыру мақсатын көздейді.

Сергіту сәті
Сергіту сәтін «Жануарлар әні» жаттығуы арқылы ұйымдастырылады. Жаттығуды ұйымдастырудағы мақсат оқушыларды топқа бөлуіп, жұмыстандыру.
Жаттығу барысы: оқушылар жүргізуші қолынан қағаз суырып, белгілі бір жануардың атауына ие болады. Барлық оқушы өзіні кім екенін анықтағаннан кейін көздерін жұмулы күйде сол жануардың дыбысын береді, сөйтіп олар бірін-бірі тауып алады. Сонымен қатар, оқушылардың жұмыс жасауға деген белсенділіктері артып, көңіл-күйлері де көтеріледі.

Әңгімелесу.
Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында адами қарым-қатынас жасау неліктен адам өміріндегі бағалы құндылықтар болып табылатынын түсіндіріп, оқушылар назарын сүйіспеншілік сезіміне аударады.
Өз ісіне шын ықыласпен, өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар ғана ұлы жаңалықтар аша алады, қалалар салады, бақтар өсіреді, ұрпақ тәрбиелейді. Сонымен қатар адам сезімінің көрінісі ретінде тамаша әндер мен өлеңдер, ғаламат шығармалар дүниеге келетінін түсіндіреді.
• Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?
• Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?
• Әдепті сөйлеуді адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?
• Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?
Назар аударыңыз
Ғ.Мұстафин
Мұраларды ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.

Зенон
Сөзді бағасы бес белгімен айқындалады: дұрыстық, айқындық, қысқалық, орындылық, әрлеу. Дұрыстық дегеніміз – айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді. Айқындық дегеніміз – ойдың мазмұнын дұрыс бере білу. Қысқалық деп мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады. Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау. Әрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу.

Шығармашылық жұмыс
Әр топқа «Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңыздылығы» тақырыбында коллаж жасайды. Коллажды тақтаға іліп, қорғайды және әр топ бір-біріне сұрақтар дайындап қояды, сұрақтарға өздері қосымша ой қосады.

Тыныштық сәті
Оқушылар ыңғайланып отырып, аңыз ән тыңдайды. Бар ойын сол аңызға аударып, ондағы мағынаны түсінуге ұмтылады. Аңызды мазмұнын талдай отырып, оқушылар қарым-қатынас кезінде сабырлыққа, ашуды ақылға жеңдіруге үйренеді.

Жүректен жүрекке
Оқушыларға шын жүректен мұғалім тарапынан келесідей кеңестер беріледі:
Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен де мына жағдайларды есіңізге ұстаңыз:
1. Кез келген адам тұрмыс-тіршілікте қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ.
2. Қандай да бір шешім қабылдайтын болсаң, өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауға тырыс.
3. Екінші адамның жанды жеріне тимеуге тырыс.
4. Өзгені айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түседі.
5. Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыдап тұрған адамныңашуын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан кешірім сұраған кезде екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс.
6. Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шабуылға шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.
Категория: Самопознание | Добавил: murensaule7777777 (2016-09-26) | Автор: Адами қарым-қатынас ізгіліктері E
Просмотров: 1473 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 9:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru