Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
«Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда ауыз әдебиетінің ықпалы» Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз. Н.Ә.Назарбаев Педагогика саласында толық зерттелмеген саланың бірі – халық ауыз әдебиеті десек те, қоғамда, халық арасында күні бүгінге дейін халық ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Педагогтар мен психологтардың айтуынша, бала ең алдымен қоршаған ортада көрген, естіген нәрсесіне еліктеу арқылы ана тілін немесе басқа тілді еркін меңгереді. Өкінішке орай, бүгінгі күні ата- аналар өмір сүрудің қиындығы мен уақыттың жоқтығын сылтауратып баласының ана тілінде дұрыс сөйлеу және тіл дамыту жағына көңіл бөлмейтіні жасырын емес. Соның кесірінен халықтың өзімен бірге жасап келе жатқан өнері, шығармалары (бесік жыры, жаңылтпаштар, шағын өлеңдер т.б.) күнделікті өмірде мүлде қолданылмайды. Кейбір отбасыларда әдет-ғұрыптар сақталмайды, бесік жыры да айтылмайды. Бүгінгі күні бұл – өзекті мәселеге айналып отыр. Осындай көкейкесті мәселелерді ескере келе, біздің балабақша тәрбиешілері бала тілін дамыту жұмысын жан – жақты қарастырып, жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін айқындады. Бұл міндеттерге төмендегі жекелеме шараларды жүзеге асыру мәселелері де кіреді: • сөздік қорын кеңейту, жетілдіру; • дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу; • дұрыс сөйлеу тілін қалыптастыру; • сөйлеу тілін дамыту. Бұл мәселелердің шешімі халық ауыз әдебиеті жанрларының құндылығында жатыр. Ата-бабаларымыз жазу-сызуды білмеген күннің өзінде-ақ ұрпақтан-ұрпаққа таралған ауыз әдебиетінен нәр алды. Ата-бабамыздың жиған-тергені адамнан адамға ауызша таралып, баға жетпес құнды мұраға айналды. Осылайша халық өзінің төл өнері мен поэзиясын дүниеге әкелді. Жазба әдебиетінен бұрын дамыған халық ауыз әдебиетінің сөйлеу тілі адамдардың қарым-қатынасы, интонациясы арқылы қалыптасты. Бұның барлығы, жоғарыда атап кеткендей, ұрпақтан-ұрпаққа халық ауыз әдебиеті арқылы беріліп,сақталды. Біз өз тәжәрибемізде мектепке дейінгі кіші жастағы балалармен жұмысты мына принциптер негізінде құрамыз: материал таңдауда баланың жас мөлшерінің мүмкіндігі қарастырылады; тәрбие жұмысы әртүрлі бағытта (сөйлеу тілін дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, әртүрлі ойындар) құрылады; қай іс-шараға болсын балаларды белсенді түрде қатыстыру. Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда ауыз әдебиетінің ықпалы зор екендігі сөзсіз. Халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған кей жанрларын қолдану арқылы сөйлеу тілін дамыту әдістемесін тәжірибеде жетілдіруге болатынына көз жеткіздік.Топтағы балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін салыстыра келе, біз жұмыс жүйесін құрып, мақсаттары мен міндеттерін белгіледік. Мұндағы ой- балалардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Осы мақсатта біз «Кемпірқосақ» авторлық бағдарламасын жасадық. Бағдарламада халық ауыз әдебиеті түрлерін қолдану арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсаты көзделді. Жұмысымызды әдістемелік әдебиеттермен танысудан бастадық. Біз үшін ең тиімді әрі қызықты болып көрінген төмендегі оқу құралдары болды: 1. Республикалық ғылыми журнал «Мектепке дейінгі тәрбие» 2008 ж. 2. Республикалық ғылыми журнал «Бала тәрбиесі» 2010 ж. 3. Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Сонымен қатар бала тәрбиесі үшін қажетті оқу құралы педагогика ғылымының кандидаты Ф.Н. Жұмабекованың «Мектепке дейінгі педагогика» мақаласын басшылыққа алдық. Халық ауыз әдебиеті бойынша зерттелген материалдарды іріктей келе, перспективалық жоспар жасалып, халық ауыз әдебиеті жанрлары қажетіне қарай сабақтан тыс уақытта да қолданылды. Жоспарды талқылай отыра, баланың сөйлеу тілін дамыту деңгейін кеңейту жұмысы жоспарланып, тілді жетілдіруді жақын ортамен байланыстыру қажеттілігі де ескерілді. Бұл жұмыста ауыз әдебиеті сабақтарында жасалған әртүрлі қуыршақтар пайдаланылды, балалармен бірге ата-аналар да ойынға қатыстырылды. Әр ойыншықтың, әр қуыршақтың өз образы,мінезі бар екендігі де айтылды. Ауыз әдебиетіне арналған сабақтар қызықты өтті, балалар да, ата-аналар да белсене қатысты. Бұл ойыншықтар балаларға халықтың бай өнерін жеткізуге көмектесті. Біз өз жұмысымызда баланың сөйлеу тілін дамытуды одан әрі жетілдіру мақсатында төмендегі бағыттарды таңдадық: - ауыз әдебиеті материалдарын сабақ үрдісінде қолдану; - ойын түрлері (дидактикалық ойындар, танымдық ойындар, театрландырылған ойындар, топтық ойындар, қимыл-қозғалыс ойындары, қойылым ойындары); - халық ауыз әдебиеті шығармаларын мәнерлеп оқу (ертегілер, мысалдар, тақпақтар), соларға арналып салынған иллюстрациялармен танысу; - ауыз әдебиетін қолдануды күн тәртібіне енгізу; - ата-аналармен жұмыс жүргізу. Халық ауыз әдебиетін қолданудың арқасында балалардың жас ерекшелігіне байланысты баланың психофизикалық, коммуникативтік дамуы әдеттегіден тез қарқын алғаны байқалады. Т.С.Шаденова, әдіскер, тәрбиеші «№ 3 ясли-бақшасы» МКММ Семей қаласы | |
Просмотров: 1478 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|