Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Сабақ жоспары Пәні: «Өзін -өзі тану» Тақырыбы: «Атамекен – алтын бесік» Сынып: 7 сынып Күні: Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға адамдардың өзара қарым-қатынастағы ынта-ықыласты, жан жылуды және жақсылықты сезінуді, бағалай алуды үйрету; Дамытушылық: Оқушыларды қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алуды, жақсылықты түсіндіре білуге тиісті дағдыларын дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды сүйіспеншілікке , сезімталдыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу. Түрі: Дәстүрлі сабақ Көрнекілігі: бейнематериалдар, музыка әуендері, слайдтар. Құрал-жабдықтар: компьютер, флешка. № Сабақтың кезеңдері Жұмыс мазмұны Бөлінетін уақыт 1 Ұйымдастыру кезеңі -Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! -Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. -Көңіл-күйлеріңіз жақсы деп ойлаймын,себебі мен сендердің бет әлпеттерінен жылулық байқап тұрмын. - Сыныптағы оқушыларды түгендеп алайық. -Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Атамекен алтын бесік» деп аталады,құрметті балалар. 1 минут 2 Тыныштық сәті - Сабағымызды ең алдымен тынығудан бастайық.Ол үшін жайғасып отырайық,сендерге ыңғайлы болсын. (музыка әуені қойылады) Балалар, мен қазір сендерге тамаша музыка әунін қойып мәтін оқимын.Сендер тыңдап, көз алдарыңа жағдайларды елестетіндер. Ал көздеріңді жұмып отыруларыңызға болады. Бірнеше рет терең демалып, дем шығарыңызда босаңсыңыз. Өсіп тұрған бір түп роза гүлін көзіңізге елестетіңіз. Бұл түпте гүлдер мен бүршік жармаған қауыздар өте көп. Енді зейініңізді ашылмаған бір қауызға аударыңыз. Ол әлі түкте ашылмаған, айналасында жасыл құрсау секілді жапырақтары бар, алайда ең үстінде қызғылт ұшы көрініп тұр. Осы бейнеге бар назарыңызды бағыттаңыз да санаңызға ұстаңыз. Енді айналасындағы жасыл құрсау жайлап, бірте – бірте ашыла бастады, төменге қарай бұралып, қызғылт гүл жапырақшалары көріне бастады. Сіз толық ашылып келе жатқан раушан гүлін бақылап отырсыз...... Енді гүлдің жапырақшалары да ашыла бастады, оның өзіне ғана тән иісін сезініңіз. Ендігі кезекте раушан гүліне күн сәулесінің келіп тұрақтағанын байқаңыз. Ол гүлге жылулығы мен жарығын сыйлап тұр... Біршама уақыт назарыңызды гүлге шомылған раушан гүліндей ұстаңыз. Гүлдің дәл жүрегіне үңіліңіз. Сіз ол жерден бір дана тіршілік иесінің пайда болғанын сезінесіз. Ол сізге сондай бір сүйіспеншілік пен түсіністікке толы көзбен қарайды. Сіз онымен осы сәттің сіз үшін сондай маңызды екендігі туралы сөйлесіңіз. Ұялмай одан сізді толғантқан сұрақ туралы сұраңыз. Осы сәтте сол қиын мәселеңізді шешу үшін пайдаланып қалуға тырысыңыз. Енді өзіңізді раушан гүлімін деп елестетіңіз. Сіз осы гүлге айналып кеттім деп ойлаңыз... Раушан гүлі мен ондағы дана тіршілік иесі сізбен бір екенін түсініңіз, олардың жақсы қасиеттерінің сізге де қонып жатқанын сезініңіз. Символикалық тұрғыдан алғанда сіз осы раушан гүлісіз, Осы гүлге нәр беріп, тіршілік беріп тұрған құдірет сізге де сондай нәр беріп, барлық мүмкіндіктерің мен ойларыңды дамытатын іс керек. - Балалар көздеріңізге не елестеді? - Қандай әсерде болдыңыздар? 2 минут 3 Үй тапсырмасын тексеру 5 минут 4 Дәйексөз Балалар, тақтаға назар аударыңдар. Не жазылып тұр?Дұрыс,дайек сөз . Енді әркім іштей өздерің оқып шығындар,енді мені тыңдаңыздар «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат». Халық нақылы - Оқушылар, осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? - Иә, өте дұрыс айтасыздар Туған жер мен Атамекеннің айырмашылығына тоқталатын болсам: туған жер деп кіндік қаның тамған жерді айтамыз. Ал, атамекен – ата - бабамыздың білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті жері. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерінің, алып таулары мен жасыл желек жамыла сыңсыған орман - тоғайларының, кең - байтақ, ұлан - ғайыр даласының атаулары мың сан. Бұлардың бәрі – халық тарихы, қоғам өмірімен біте қайнасып, ғасырлардан ғасырларға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отырған мәдени мұра, өшпес шежіре. Халықтың ұшқыр қиялы, саналы ой, данышпандық зердесі мен ұлттық мінез - құлық болмысының көрінісі.. зерттеңіздер,түзеуге ұмтылыңыздар. Қанеки, оқушылар осы дәйексөзді хормен үш рет айтайық,есте сақтайық. 5 минут 5 Әңгімелеу Балалар, мен қазір сіздерге бір тамаша, сіздер ешқ естімеген өсиет-әңгіме айтып беремін. Тыңдаңыздар! Мен оқып болғаннан кейін сіздер бірнеше сұрақтарға жауап бересіздер. Мен елімді сүйемін С.Мәуленов Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Сол аспанның төсінде түнде жарқырап тұрған жұлдыздар сенің көздерің секілді. Сен сол туған жердің аспанымен тыныстайсың. Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсың. Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз-шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның жүректей болып желмен лүпілдей соққан гүлдері, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі-бәрі сенің туған еліңді құрайды. Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғап шақырады. Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ! Күлдір-күлдір кісінеп, айнала шапқылаған ала аяқты құлыншақ! Сәуірде бүршік атқан, қылқиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. Өзен үстінде үйіріліп ұшқан шағала! Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл! Күннің қызғылт шапағына бөленген үйлер – осының бәрі тұтас тұрған туған ел! Ал енді ананың бесікте жатқан әлдиі, әженің тамылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелеріңнің тәттіәзілдері – осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары! Туған елдің тілі барша жанға түсінікті! Әңгіме мазмұны бойынша оқушылардың пікірлерін білу мақсатында сұрақтар қойылады. Қойылатын сұрақтар: «Туған жерсіз адамның күні жоқ» дегенде нені түсінесіңдер? Сендерге өз елің несімен ыстық? Сендер өз еліңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар? - Оқушылар, Туған ел, туған жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю — әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып-өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады. Өйткені Отан – алтын бесігіміз, ата-анамыз! - Тамаша, балалар, бұл өсиет-әңгімені өте жақсы түсініпсіздер.Мен сіздердің пікірлеріңізбен келісемін.Расында ... 6 Шығармашылық жұмыс Қанеки, оқушылар Атамекенге деген сүйіспеншілік сезімдерін шығармашылық жолмен жеткізу тапсырылады. (Сурет салу арқылы) Дәптермен жұмыс К. Нығметованың «Менің ауылым» мәтінін негізге ала отырып, «Туған жер - тұғырың» тақырыбында өз туған жері туралы эссе жазу. Жұмыс түрі эссе.Эссенің тақырыбы «Маған қымбат жандар» деп аталады.Бір балаға сөз тіркестерін оқуға ұсынамын. Алтын ұя – Отан қымбат Құт-берекең-атаң қымбат Аймалайтын анаң қымбат Мейірімді апаң қымбат Асқар тауың әкең қымбат Туып өскен елің қымбат. Мысалға: Мен бұл өмірде өзімнің туып өскең жерімді,елімді аса құрметтеймін ... Балалардың жауаптары тыңдалады. 7-10 минут 7 «Хормен ән айту» Қанеки, енді барлығымыз бірге ән айтайық. Әннің аты : Сөзі: Қ. Мырза Әлі Әні: Е. Хасанғалиев. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Айдарымнан сипап өткен самалы Қазағымның алақаны деп білем. Қайырмасы: Қайда жүрсең, атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі ұясына Қимай оны батады екен Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем. Асқар тауың аспанымен таласқан Қазағымның мәртебесі деп білем Қайырмасы. 3 минут Үй тапсырмасын беру Қорытындылау Бағалау «Сонғы тыныштық сәті» Оқушылар, қане, барлығымыз күнделігімізді ашып үй тапсырмасын жазып алайық. Оқулықтың беттердегі 108-109 беттерде берілген «Менің әкем» мәтінін оқып келіңіздер. Атамекен…Атажұрт…Туған жер…Бұл - ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі. Атамекен - туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігіен ашып, өмірге келген жері. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де атамекенмен тығыз байланысты болады. Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар туған жерді қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Балалар сіздер бүгін сабаққа өте белсене қатыстыңыздар. Сол үшін мен сіздерге алғыс айтамын. Осы беттеріңізден қайтпаңыздар. Ал қатыспаған оқушыларға келесі сабаққа осы оқушылар сияқты белсене қатысуларыңызды сұраймын. - Ал, енді, бәріміз тынышталып отырайық. Барлықтарыныз көздеріңді жұмып өздеріңіздің істеген іс-әрекеттерінді еске алыңдар , егер де дұрыс істемеген жағдайлар болса. Келесі жолы олай істемеуге тырысыңыздар. Жандарыңызда жүрген адамдарды бағалаңыздар. Сонымен қатар қоршаған ортадағы адамдарға жақсылық жасаудан жалықпаңыздар. 1 минут 1 минут 1 минут 12 «Қоштасу» Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды,келесі кездескенше сау болыңыздар! 1 минут | |
Просмотров: 1036 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|