Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Өзіңді сүй. Түрі: Тренинг – сабақ. Мақсаты: Басқалардың көзімен өзін көре білуге, суреттер арқылы өзін бейнелей білуге,өз мүмкіндіктерін түсінуге,мінез – тиімділігіне және әлеуметтік бейімделу дағдысына үйрету. Сәлемдесу. Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта, Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі трениг барысы, Біз үлкен отбасы. 1.Тапсырма: Ойынға қатысушы басқа адамдарға арналған өзіңнің құттықтауын ойластырады да , оны қарсы отырған адамға дауыстап жеткізеді, ол құттықтауды қабылдап, өзінің құттықтауын келесі қатысушыға жеткізеді. 2. Өзіңді бейнелеу арқылы таныстыр. Әрбір қатысушы өзінің атын жариялаған соң оны табиғат құбылысы түрінде бейнелейді. Тренингке қатысушы әрбір адам өзінің алдындағы адамның атымен бейнеленген табиғат құбылысын қайталай отырып өзін таныстырады. 3. «Сиқырлы дүкен» Бүгін біз тренингке қатысушылар болашақ өмірден не күтетініміз, қандай құндылықтар бізге қажет екенін топ болып ойластырайық. Алдарыңыздағы қағазға сіз үшін құнды болып саналатын бес қасиетті жазыңыз. Мен сіздерге «Сиқырлы дүкенге келіп» сатушыдан яғни, менен денсаулықты, мансапты, атақты машинаны, табысты, бақытты, махаббатты, өмірден не қалайсың соның барлығын да сатып ала алатындарыңызды хабарлаймын. Бірақ ақысына өмірде қандай құндылықты бағалайтындарыңызды сол құндылықты қиналмастан беріп, сатып алуға болатынын талап етемін. - Мыныған назар аударыңыздар: Сіздер үшін өмірдегі ең құнды нәрсе күнделікті тіршіліктегі байлық, мамандық , отбасы. 4.жаттығу. «Біз өзімізді алып арифметр сияқты сезінеміз.Мен бір санды атаймын қасымда отырған қатысушы арифметикалық әрекеттің белгісін (қосу немесе алу)келесі қатысушы тағы бір санды атайды және т.б сан белгілермен кезектеседі топтың кез – келген мүшесі «тең» белгісін атаса, келесі қатысушы қосындысының нәтижесін айтуы керек.» Рефлексия: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Өзіңізді қалай сезіндіңіз? 5. Тапсырма. «Өзіңнің бойыңдағы бағалы қасиеттерді сөйлемді аяқтау арқылы жаз» Мен алаңдаймын.....Мен сүйемін.....Мен көмектесемін....Мен мойындаймын...Мен қабілеттімін.....Мен жақсы істей аламын....Мен өкпелеймін.....Мен ренжимін......Мен ашуланамын егер......Маған ұнайды.......Мен өзіме ризамын....... Рефлексия: Сөйлемді аяқтау қиын болды ма? Релаксациялық жаттығу «Теңізге саяхат» Денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады. Жүргізуші. Жайланып отырыңыз,көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз,денеңізді бос ұстаңыз,денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз.Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз,ашық аспан және күн.Теңіз бірқалыпты демалып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Теңіз толқындарының шуын естіп,толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып сіз тұрсыз. Өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып – жылы әрі жұп – жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайтыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз,су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Тест. Сіз қандай жұмысшысыз? Қоштасу: Жаттығу «Майшам» Біздің жаттығуымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір – бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қорытынды: Сабақ ұнады ма? Сабақтан алған әсерлеріңіз? | |
Просмотров: 767 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|