Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Өзін-өзі тану пәнінің өзегін өзгертіп,керегесін кеңейту қажет
«Өзін-өзі тану» пәнінің өзегін өзгертіп,керегесін кеңейту қажет
«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.Оның екі қыры бар.Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.»Н.Назарбаев
Кәзіргі таңда балабақша,мектеп,арнаулы оқу орны,Жоғарғы мектепте оқытылып жатқан «Өзін-өзі тану» пәні ғылыми педагогиканың «Алтын заңына» негіздеп,адамгершілік –рухани білім беріп келеді.Бұл пәннің бағдармалары,оқулықтары және әдістемелік нұсқаулары,оқушы дәптерлері қатарлы дайындалғаган,пайдаланылып жүрген құралдарды жасау үшін қажырлы еңбек,мол қаражат,талай еңбектер жұмсалғаны баршаға аян.Ол пәнді оқыту үшін қаншама мүғалім,оқытушы,тәрбиелшілер аянбай тер төгіп келеді.Ал,шындық жағдайды безбендесек,осы пәнді үйретіп оқыту нәтижесінде жеткен иненің жасуындай болса да жетістігіміз байқалар уақыт болса да,әдепсіздерді әдейі дайындағандай, көргенсіздер көбейіп кетті.Естіп білмеген жадағай қылықтар мен жан түршігер,жаға ұстатар, аяусыз-қатыгез мінез,оппа құлқын обыр кеселдер,арсыз-ұятсыз шарық бет,долы,көк езу жандар жанымыздан табылатын болды.Бұлардың пайда болуының көптеген себеп салдары бар екені белгілі.Оларды жою үшін жасалған бір қадам,білім беру саласына «Өзін-өзі» тану пәнін енгізу болғаны да рас.Алайда.оның күш қуаты,әсер ықпалы жетіспей қалды.Сондықтан:
Бірінші.Осы пәннің өзегін өзгеру қажет болды.Дәлірек айтқанда, «ғылыми педагогиканың алтын заңының» орнына,тәрбиелеу қазақ ілімін орнықтыру керек.Одан келер-кетер не бар!?
Тәрбиелеу қазақ ілімінде, «ғылыми педагогикадағы» сияқты иесіз-изгілік,хабарсыз-қайрымдылық,атаусыз ар-ождан,айбынсыз-намыс,жігер жоқ.Кімді кім болдыратыныңыз өте ашық көрсетіледі,тым сенімді нұсқалады.Жетер жолыңыз,қолданар амал-тәсіліңіз өте түсінікті көрсетіледі.Айталық, «бек ұл,пәк қыз», «иманды ұл,ибалы қыз», «құлықты ұл,қылықты қыз», «өжет ұл,өнерлі қыз» т.б.Осыған сай,бек ұлдың,өжет ұлдың намысы,ар-ожданы туралы мәселе тура да ашық қойылады.Немесе пәк қыз,қылықты қыз,ибалы қызды қалай өсіріп тәрбиелеу керек,ол үшін не істеу керек тағысын тағы адамгершілік- рухани ұғымдар ақы иесімен қатар тұрып,шынайы қалыптаспаса жас өспірімнің ортасына тасталған жалпылама ұғымның жұғыстығы тым шамалы болады.Жалаң,жадағай,құрғақ өсиетке негіз-делген теориялық педагогика мен психологияның ұрпақ тәрбиелеудегі нәтижесіздігін кезінде М.Жұмабаев та ескерткені белгілі.
Екінші.Тәрбиелеу қазақ ілімінің мызғымас төрт тағаны бар.Олар:даналық ой-ұлттық философия,наным-сенім әлемі,әдеп ілімі және адамтану білімі. «Өзін-өзі тану» пәніне осы төрт тағанның басты ұғымдары (категориялары),баланың жас ерекшелігіне сай,игеру дәрежесіне тәуелді оңды іріктеліп,дұрыс таңдалып алынуы тиіс.Таңдалып алынған түсінік пайымдардың мән мағынасы оқытылып ұғындырылумен қатар жібек мінез,биязы әдеп,тұнық иман,өшпес өнердің машық-дағдылары өмір белестерінде үнемі жаңғырып,игеріліп отыру қажет.Басқаша айтқанда,осыған дейін «Өзін-өзі» тану пәні арқылы адамгершілік руханы білім беріп келген болсақ енді машық-дағды игерту,оны өмір өрнегіне айналдыруға көбірек көңіл бөлу дұрыс.Бұл жағдай мынандай екі талапты,алға шығарып,жаңа белеске көтеруді нұсқайды.Ең әуелі игерілетін машық-дағдының,икем-әдептің заман талабына сай дұрыс таңдай білу.Онан соң оларды игерту әдіс-амалына мүлдем жаңа түр-сипат беру немесе «сабақ өткізу әдіс –тәсілі мен түріне» үлкен өзгеріс жасау.Мысалы аптасына,бір сағатпен «білім» беру үшін оқытылатын «Өзін-өзі» тану пәні бұл міндетті жүзеге асыра алмайды.Ал,сағат санын қаншама қосқың келсе де,оқушының апталық жүктемесі оны қабыл алмайдыБұл жағдай ол пәннен сабақ беру,сабақ өткізу әрекетіне басқаша қарауды талап етеді.Ал,бұл пәннің мазмұнын таңдау,анықтау,жоғарыдағы төрт негіздің.қайсысынан қандай басты ұғымдарды,дәлірек айтқанда адамгершілік-рухани түсініктерден нешенші сынып-та,неше жастағы балаға қалай игерту керектігін тым мұқият екшеп енгізуді талап етеді. Мысалы сенім-нанымдық,дүниетанымдық ұғымдар;құт,бақыт,обал-сұбап,күнә-кінә,ырым-жора,рәсім-тәмсіл,тыйым-ескертпе,аруақ-рух т.б. осы қатарлы ұғымдар қашан,қайда,кімдер арқылы берілу,ұғындырылу керектігі толық нақтылануы қажет..Имани құндылықтар,адами құндылықтар мен қатар толықтырылуы дұрыс.Қазақ тәрбие ілімінде,олар өте жақсы жымдасқан. Рухани тұлғаны рухани құндылықтар тәрбиелейді. Халықтың танымы мен пайымы қазіргі ұрпақтың иммунитеті болмағы керек. Мысалы, «Бесік жырының» өзі осы,ана арманы Алладан тілек-тілеумен ұштасып жатыр.Әр халықта «ана тілі» деген қасиетті ұғым бар. Ана тілі – рухани тәрбие бастауы. Барша құндылықтарды халық тіл арқылы жеткізеді. Ал қазақ үшін,ана тілі – ең алдымен бесік тербеткен әйелдің тілі. Ал қазақ әйелі бесікті қандай жырмен тербетті? Бесік жырын қазақ «әлди» дейді. «Әлди» деген сөз «Алла» деген сөздің өзгерген түрі екенін тілтанушылар әлдеқашан дәлелдеген. Бесікті Алла атымен тербетуді қазақ әйеліне ешкім үйреткен жоқ. Ол оны өзі ойлап тапты. Перзентіне имандылықты ана сүтімен сіңіру үшін ойлап тапты. Біздің әжелеріміз бесік тербеткенде:
Алла деген ар болмас,
Алланың жолы тар болмас.
Алланы айтқан адамдар
Ақыретте қор болмас, – деп Йасауи хикметтерімен тербететін. Қайырмасында «Лә илаһа илла алла, Мухаммад Расулалла» деп шаһадат кәлимасын айтып отыратын. Қазақ арасында ең кең тараған бесік жырлары діни жырлар екен.
Бөбегім менің, бал бөпем,
Тәңірім болсын жар, бөпем.
Иманды боп өссін деп,
Иллалла деп тербетем, – деген бесік жырын да қазақ әйелі шығарған(А.Әбілхасымқызы)
Рухани құндылықтардың негізгі ұғымдары,кәзіргі бағдармаларда бар. Мысалы;бес ақиқат деген атпен былай сипатталады:шындықты айту, басқалардан жақсылық іздеу, қарапайымдылық, кішіпейілділік, білім іздеу, ойдың, сөздің, істің бірлігі, адал болу, жауапкершілік, жақсыдан жаманды ажырата білу, өз-өзіне есеп беру, барлық дінге құрметпен қарау.Сүйіспеншілік - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі. Бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, жан- жануарларды жақсы көру, ақкөңілділік, бауырмалдық, достық, татулық, кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, жомарттық, ізгілік т.б. қасиеттерді қамтиды.Дұрыс іс-әрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс жүзіне асырылады. Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу, шындықты айту; ұрлық жасамау; уәдені орындау; ұрыспау; денсаулық пен тазалық; ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау; тілалғыш болу; батылдық, әдепті болу; ұқыптылық; өсек айтпау; басқалар туралы жамандық ойламау; үнемшілдік; зиянды әдеттерден аулақ болу; дұрыс тамақтану; өз-өзіне сенімді болу; әділеттілік; отбасындағы, мектептегі парызын орындау, жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу; уақытты үнемдей білу; құмарлықты тыя білу (ақша, тамақ, және т.б.); қоғамға риясыз қызмет ету; әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік; әділеттілік және т.б. қасиеттерді қамтиды. Ішкі тыныштық Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады.Адам бойындағы ашуланбау; ой тыныштығында отырып үйрену; назар салу; шыдамдылық; тәртіп, дұрыс ырғақпен демалу; байсалдылық; ызақорлық, сараңдық, жалқаулықты қадағалай білу; өзін-өзі алдамау; шыдамдылық , қарапайым өмір, асқақ ой; құмарлықты шектеу; өзіне-өзі сенімділік; іске берілу; ұстамдылық; өзін-өзі құрметтеу; қарапайымдылық; жағымды ойлау және т.б. қасиеттерді қамтиды.Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс. “Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар-жүрек ісі. Асықтық та-жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.» (Абай)Басқаға әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу; ешкімді ренжітпеу; жан-жануарларға қамқорлық жасау; қауіпті заттармен ойнамау; командада (топпен) жұмыс істеу; бірлік, басқа мәдениеттің құндылығын түсіну; толеранттылық (кеңпейілділік); ақжарқындылық; татулық. Мәдени мұраны құрметтеу; қоғам меншігін қамқорлау; қоршаған ортаны қорғау,барлық дін мен мәдениетті құрметтеу; оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу; әлеуметтік әділеттілік; адам құқығы; жақсы азамат болу және т.б Алайда толық емес.Мысалы, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен, таза ақыл, ақ жүрек және осылардан өрбитін ақыл, ой, білім, әділет, рахым, қанағат тағы басқа қасиеттер толық қарастырылмаған. Тәрбиелеу қазақ ілімінің өзекті білімдері мен түсініктері кемшін түсіп жатыр.
Әдептілік пен жібек мінез игеру жолдары тым ашық қарастырылмаған және олардың негізгі ұғымдары мен пайымдары ұлттық өреде көрсетілмеген.Ал,біздің тілегіміз-қазақ халқының қалыптасқан әдептiлiгi, инабаттылығы, мiнездiлiгi, адамгершiлiгi – бәрi осы пәннен табылуы қажет.Әдептілік-тіршілік тынысының қазақи ережесі.Ғұрыптық құқық негізі.Бүгінгі қазақ қоғамында оның аумағы тым ұлғайған,маңызы артқан,қоғамдық қатынасты реттеуші үлкен дәрежеге ие болып,құзыреттілігі бекіп,заңдық негізі қаланған.Осы күндері,мамандық әдебі,кәсіп әдебі,қызмет әдебі бәрі-бәрі бар. «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасының ұзын ырғасын зерделесек,балабақша,мектептің алғашқы сатысында,әдеп туралы әжептәуір білім беру көзделген.Ал,жоғарғы сыныпта «Құқық негіздері» пәні де оқытылады.Ал,біздің пікіріміз әдеп игерту,құқық негіздері арасындағы табиғи байланысты ескере отырып,оларды біріктіріп бір арнаға түсіру қажет.Аптасына бір сағатпен бір сыныпта үйретілетін пән арқылы қандай бір ғылым негізін игерту мүмкіндік шамалы,тек ол туралы ағшқы мағлұмат беруден аспайтынын тіпті осы межеге де жетпейтінін өмір көрсетіп отыр. Ал,тереңдетілген, жекеленген арнаулы курс жасап оқыту жолы бір басқа.Қазақтың әдеп әлемінде,сөйлеу,дем алу,жүріп- тұру,тамақтану,сәлем беру,киіну,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету,ойнау, әзілдеу, әңгімелесу, азатұту,қуанышын білдіру,қайғысына ортақтасу т.с.с.ғұрып-салттық әдептер ұзақ жылдар бойына қалыптасып,дамып,өзгеріп бізге жетті. Екінші жағынан,адамдар арасындағы қатынасты реттейтін,қаулы-қарар,жарлық,заң қатарлы құқықтық қалыптар Қазақстан Республикасы аумағында және Әлемдік деңгейдегі санатпен күнделікті өмірімізде өзіндік жүзеге асу үрдісін тауып,етене еніп отыр.Осылардың мәйегін сүзіп алып,жас ұрпақ шама-шарқына сай оларды ұстану дағды-машығын игерту жолын табу ең басты міндет болып тұр.Сондықтан,құқық негіздерін айқындаған түсініктер мен құндылықтарды,әдептік құндылықтар мен үйлестіре отырып,кәзіргі оқытып жүрген «Өзін-өзі тану» пәніне кіріктіріп,отбасынан-акедемияға дейін оқытатын пәнге айналдыру қажет.Дінтану деген ғылым саласының бар екені анық.Осы ғылым негізінен алғашқы мағлұмат алу Қазақстан Республикасының барлық азаматы үшін сондай қажет пе?Әсіресе орта және жалпы білім беретін мектептер үшін.Медіресе,діни орта және жоғарға оқу орындарына, Университет, Акедемиялар үшін заңды қажет.Университет,Акедемия бүкіл ғылым саласынан білім беруге міндетті.Олардың атына сай үрдіс.Ал,жалпы білім беретін және арнаулы орта мектептерде иман негізі,ақлақ,фиқһ негіздерін имандылық тәрбие беру аясында оқытылып,жібек мінез,көркем әдеп машық-дағдысын игерту бағытында үйретіліп,соған баулу қажет.Себебі ата-бабамыз дінтану пәнін оқымай-ақ,жүрегіне иман ұялатып,салт-санасына сүннет пен мұсылман әдебін сіңірген жұрт.Ғабит Мүсірептің мына бір белгілеуін есіңізге сала кетейін. «Ғажап нәрсе – бүгінгі қазақтың әдет-ғұрпында әруаққа, отқа, суға табынатын әдет сақталған. Мысалы:а)Жазғұтырым бие байлағанда желі қазықтарға айран құяды.ә)Алғаш күн күрекірегенде ожаумен киіз үйді артынан, жабық тұсынан айнала сабалайды. б)Қыз ұзатарда «Отқа құяр» деген кәде бар. Соған құрмандық ретінде мал сойылады.в)Қазақтың әдет-ғұрпына өшпейтін әсер еткен Ислам діні.
Әдеп, инабаттық, сыпайылық дәстүріне Ислам көп нәзіктік қосқан.Адам баласы бірдемеге сенбей, арқа сүйемей тұра алмайдыСол сенімнің аты – Дін. Ең арғысы саяси сенім дегеніміздің өзі халықтың басым көпшілігі үшін дін. Қадір-қасиет жағынан қарағанда діннен төменірек, сенімділігі болса, табанды-тұрақты емес нәрсе Менің атам Кежімбай Мүсіреп баласы бес уақыт намазды қалдырмай оқиды. Отырып-тұруын, оқитын дұғаларының бірін қалдырмай оқиды. Мен молдадан үш жыл оқығаннан кейін атамның оқитын дұғаларын тексерсем, бір дұға білмейді екен. Жығылып-тұрудың бес уақыт намазда қанша екенін біледі, неше рет қол жайып, иек сипағанды біледі. Бірақ, бір дұға түгіл, бір ауыз арабша сөз білмейді.Дегенмен, атам намаз оқығанда мен атамның түсіне ылғи қарайтын әдетім болды. Намаз үстінде атам керемет ажарланып кетеді. Атамның мұндай ажарлы, мұндай мейірімді, мұндай таза кескінін мен күнделікті бір көрген емеспін. Ол Құдайға шын жалынып тұр. Күнделікті қандай күнә жасап алғанын мойнына алып, енді кешірім сұрайды. Соған бет алғанда-ақ ол тазаланып, ажарланып кетеді.»Мен үшін,бүгінгі таңда,ең болмағанда,Кежімбай ата дәрежесіндегі имандылық керек болып тұр!
Иман сөзі араб тіліндегі «ә-мә-нә» етістігінен алынған. Сөздік мағынасы бір нәрсеге сену деген сөз. Иман сөзінің шариғаттағы мағынасы-Хазіретті пайғамбарға Аллаһ Тағаладан жеткен нақты үкімдерді растап, ешбір күмәнсіз қабыл ету. Әрі бұларға шын көңілмен сену болып табылады. Адам дене мен жанның бірлесуінен пайда болған тіршілік иесі. Денеміз қалай ішіп – жеуді талап етсе, жанымыз да азықгы яғни ғибадатты қүлшылық етуді керек етеді. Имансыз қылық жасағандар кінәлі болып ерте ме кеш пе жазасын тартады. Иманды адамдар қайырымды, мейірімді болып, өздеріне нэсіп еткен намаз, ораза, зекет,қажылық сияқты парыздарын орындауға ниет етеді. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым қазақ арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды-иманды адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейір – шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді. Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді. Адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар – ұяты бар адамның бет – бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Қазақ халқының ата-баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ, ұлттық психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Иман ұғымы барлық наным сенім әлемінде бар,ортақ құндылық.Ұрпағының иманды болуына қарсы тұрған,қабыл етпеген Жұмыр жерде жан жоқ.
Қазақ тәрбиелеу ілімінің алтын арқауы – «Адам» болса,асыл өзегі-Имандылық! Имандылық тәрбиесінде;иман негізі,мұсылмандық жібек мінез,биязы әдеп,мұсылмандық құхық негіздері сиысып жатқандықтан оны ұлттық әдеп,ұлттық салт санаға біріктіріп жас ұрпаққа ұқтырып үйреткеннен,игерткеннен ұтыларымыз жоқ,ұтарымыз көп. «Өзін-өзі тану»пәнінің өзегін осылай өзгертіп,керегесін осылай кеңейткенді дұрыс көрмейтін ата-ана,мұғалім-ұстаз,тәрбиеші-тәлімгер бола қоймайтынына сенімім зор.Алайда,пән мазмұнын іріктеп таңдау,бағдарлама құру,оқытып-үйрету,дағды-машық игерту амал әдісіне келсек, «екінің бірі,егіздің сыңары» дегендейін барша жұрт пікір айтып,үн қосуға шамасы бар,ақыл-кеңесі жетік екені айдан анық.
Өзін- өзі тану түсінігі-қазақ ұғымында төрт түрлі мағына береді.Бірінші.Баланың жан ұясындағы адамдарды,әулеттегі туыстарын,төрт құбыласының кім екенін ажыратып біліп,кімнен туып,қайдан шыққан тегін тарата алуды айтады.Екінші.Өзін-өзі бақылау, «жүрегін тыңдау»,өзіне-өзі ие болу,нәпсін тию.Бұл ең ауыр да салмақты іс.Бұлай болу үшін жас жеткіншек тәрбие көріп,өнеге үйреніп белгілі бір жасқа жетіп,тәжірибе жинақтауы қажет.Тәрбиелеу қазақ ілімі бойынша бұл жас-13.Он үштегі отау-иесі.Өзі тұрғой отбасына ие болатын жас.Рухани ұстаз Йасауи: «Он үш жасымда нәпсімді қолға алдым,Такаббарды аяқ астына басып алдым...» десе Әл-Фараби: «Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді өзің түсіну»Өзін түсіну-өзін -өзі тану емес.Мұнан кейінгі сатысы-өзін-өзі бағалау.Егер бағалау дұрыс болмаса,нақ танудың шатасқаны.Астым-үстім,артық кем бағалаудан қауыпты нәрсе жоқ.Өзін-өзі бақылау, түсіну,бағалау,ие болу,осылардың нәтижесінде өзін-өзі тану ересектерге тиесілі қабылет.Ал,жасөпірімдер үшін бастапқы болжам дәрежесінде болады.Үшінші. «Қымбатты шәкірттерім,естеріңде болсын!Адамды танып білу өте қиын» деген өсиетті Конфуций қалдырғаны баршаға аян.Ал,бүгінгі адамды тану тіптен қиындап кеткені белгілі.О.Бөкейдің: «Әр адам шешуі табылмайтын күрделі есеп» деуінде үлкен мән жатыр.Бір ғасыр бойында,барлық ғалым- ғұламаларымыз жан-жақты қарастырып, Абайдың өзін шын мәнінде танып біткен жоқ.Бұл- Адамтану ғылымының заңдылығы.Тану талпынысы жаңа шындықпен жақындаған сайын,ақиқат алыстай беруге тиіс.Тану әдіс-амалымыз жаңа жолға түссе,танып-біліп қойған арнамыз кеңіп,жаңа мүмкіншіліктер ғалымдарды алға жетелеуі тиісті.Төртінші. «Өзіңді өзің тани біл!»-деп жазып кеткен,ескертпелер мен ескерткіштер,өсиет ұлағаттар көптеген жұртта бар.Қай-қайсысы да,өздерін жете танып,пайымдап бағалай қойған жоқ.Танып біттім,болдым деп жар салған жеке басты да,топты да көрмедік.Сондықтан, «дінтану,құқытану, әдептану, өзін-өзі тану т.б. пәндерді өзара үйлестіріп,біріктіріп жаңа пән жасап ,атын «Құндылық мәйегі» деп атауды ұсынамын.Осы құралыптас оқу құралдарының бір кездерде Үнді,Қытай,Араб жұртында болған-ды.
Бұл пәннің оқып үйретілу әдісі кәзіргі дәстүрлі сабақ санатына сай келмейтіні белгілі.Оның басты ерекшелігі,машық-дағды игерту ісі,үзіліссіз жүрілетін педагогикалық процесс болғандықтан,ал оның сабақтары,қоғамдық-көпшілік орындарда, отбасында, мектепте жалғасын тауып отыруы тиіс.Сонымен қатар басқа пәндер мазмұны , көлемі, мөлшері оқу тоқсандарға бөлініп,тоқсанаралық үзіліс,жазғы демалыстарда шегерілетіні белгілі.Ал,мына пән үшін тоқсанаралық және жазғы демалыста қандай дағды,машық игерілуге тиіс болатыны өте мұхият есептелгендіктен оны кім үйретіп игертуі толық қаралатындықтан қайткен күнде сол мезетте ол дағды -машық, икемді игеруге тиіс болады,әрі міндет етіледі.Осы негізде,бүл пән жыл бойында үзіліссіз оқытылады. Жастардың алған білімі,игерген машық-дағдыларын бағалау да,кәзіргі баллдық жүйеге сәйкес келмейді.Емтихан тапсыру үрдісі де өзгеше.Мұның бәрі оқушылар мен шәкірттердің өмір сүру ережесіне сай қалыптасқан,жаңа дағдылардың игерілу шағына сәйкес болады.Айталық, А.С. Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие- тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі өнеге көрсетуінде .»Ал,Абай атамыз:«...ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар.Сол –мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, иә біреудің орынсыз сөзіне, иә бір кез-келген қызыққа, шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң – оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенінде қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, а р д ы сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын?! Бұл – бір ақыл үшін, ар үшін болсын!..»,-деген.Олай болса,жас өспірім тұрмысын дұрыс ұйымдастыра отырып,оның ары мен ақылы дұрыс сақталып тұр ма,мінезіне қандай бір ауытқушылық бар ма дегенді анықтау,есеп беру үлгісінде емтихан өтуі тиіс.Осы негізде,оқушылар мен шәкірт тұрмысына енгізілген бірнеше дағдыларды атап өтейін.Сенім тапсыру,серт беру,ант көтеру.
1.Әр бала ата-әжесінің,әке-шешесінің туған күніне сай сенім тапсырып,серт беріп отыруды дәстүрге айландыру.Бұл баланың өз қалауымен,шын жүрекпен айтылатын асыл сөзі,ыстық ықыласы.Барлық балалары,немерелері түгелдей дерлік сенім тапсырап ант беруге не,белгіл бірнешеуі әжесіне,әкесіне.атасына,анасына жекелей ант қөтеруне де болады,ата-әженің заузаттары бір реттен кейін-ақ,оны дұрыс таңдап алып,ұйымдастыра алады.Олардың айтар сөзі,берер сенімі,қабылдар антына ешқашан бөгделер араласуға болмайды.Сәбилерге аға-әпкелері көмектесуі мүмкін.Ата-анасын туған күнімен құттықтап,арнаулы сыйлығын тапсырып, «Ардақты Ата,Аяулы әже,мен Сіздерді асырап күтіп,ардақтауға дайынмын!»-деген немересінің жалғыз ауыз сөзін естіген қариялардың төбесі көкке жететінін өз көзіңізбен көргенде терең ұғынарсыз.Тексеріп көріңіз! Алғашында ерсі(қолдан жасалған,жасанды әрекет) құсаған болатын,кәзір әбден жаттығып кеттік деп естелік айтатын боласыз.Жаттыға келе,мінез-құлқындағы,жүріс-тұрысын-дағы,әдеп-әдебіндегі пәлендей кемшілігімді жоямын деген тәрізді серт беретін ұлдар мен қыздар да табылады.
2.Сынып жетекшісіне,жекелеген ұстазына серт беріп,сеніміне кіру,ант қабылдау.Жаңадан тағайындалған сынып жетекшісі жаңа келген пән мұғаліміне жыл сайынғы мұғалімдер күніне орай,жекелеген не топ шәкірттері барлық оқушылар атынан сенім білдіріп,серт беріп ант қабылдауына болады.Оның сөзін дайын үлгімен,жаттанды оймен,жалаң желеулік ниетпен жазып дайындауға болмайды.Сынып оқушылары мен шәкірттерінің нақтылы келбеті,жетістіктері мен кемшіліктері сол ұжымның өздерінің пайымдауы мен қорытылған түйіндер негізінде жазылуы дұрыс.Бұл ретте,жекелеген оқушы оқу-білім,өнер-сайысында,елеулі табысарға жету үшін ант қабылдауына болады.Әрине,бұл іс-әрекеттер салтанатты түрде жүзеге асырылу керек.
3.Оқушылар мен шәкірттер жыл сайын наурызда,өз сынып,курс достары алдында есеп беретін,айтулы күн тағайындап,өткізіп тұруды дағдыға айналдыру дұрыс.Қазақ халқы ертеден,наурызды жас ұрпақтың бір жыл ішінде игерген өнер білімін сынау айлығына арнағаны тарихтан белгілі. Ал,Абай бабамыз: «Егер есті кісі қатарында болғың келсе,өткенге ой жібер, «күніне бір мәртебе,болмаса жұмасында бір,ең болмаса айында бір,өзіңнен өзің есеп ал», «Өмірді қалай өткіздің екен», не білімге,не ахиретке,не дүниеге жарамды, күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппін деп ой жүгіртіп отыр деп кеңес береді.Бұл есеп беруге мұғалім-ұстаз,ата-ана қатыстырылмауы қажет.Керісінше басқа сыныптардан қалауына сай достары келіп пікір айтуға ерікті болу керек.Жас өспірімдер,бір-бірінің мінез-құлқындағы,әдеп-әдебіндегі жетістіктері мен кемшіліктеріне шынайы пікір айтып,кеңес беруіне толық мүмкіндік берілу қажет.Әр оқушының есебі жазбаша жазылып,келісу ретіне,барысына хаттама толтырылғаны дұрыс.Бірақ есеп беру ісінің қорытындылары мен түйіндері,оқушылар мен шәкіірттердің алған міндеттері мен берген сенімдері осы ұжым аумағында,қатаң құпия сақталады.Олай болса,бұл іс-әрекет осы істі жүргізе алатын оқушылар мен шәкірттер арасында ғана өтеді.Мұның мәні мен маңызы ұстаздарға түсінікті.Шындығында,өзін-өзі бақылау,бағалау,ие болу дағды- машығы осы іс-әрекет барысында қалыптасады. Жас өспірімнің тіршілік тынысына қажетті,енгізілуге тиісті бір ғана мысал келтірдім.Жалпы мұндай машық-дағды игерту,пән арқылы да,сабақ арқылы да,отбасында және әлеуметтік ортада,жылдың әр күніне лайықты жол-жора,рәсім-тәмсілдер мол-ақ.Бұларды жүргізіп те, жасап та,істеп те көрдік. Мысалы,Қазақстан Республиқасының Ата Заң мерекесі алдындағы күнде, күллі мектептегі ең соңғы сабақты Ұлттық Әнұранын айтып аяқтау дағдыға айналса,әр кез әр сыныпта,үйрету үшін,жаттықтыру үшін Әнұранды айтқаннан оның әсері мен ықпалы тым зор болады екен.

Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Категория: Самопознание | Добавил: superchabdrazakh2017 (2017-04-29) | Автор: Қобдабай Қабдыразақұлы E
Просмотров: 889 | Комментарии: 1 | Теги: кереге, өзгерту, тану, өзек, өзін-өзі, тәрбие | Рейтинг: 4.0/7
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 4:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru