Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Ережепова Назгуль Иманмадиевна Э С С Е Менің өмірімдегі өзін-өзі танудың рөлі Мен «Өзін-өзі тану»бағдарламасы туралы бұрыннан хабардар болатынмын.Енді бұл бағдарламамен танысқаннан кейін ,менде өмірге деген жаңаша көзқарас пайда болды десе де болады.Оған Райхан Мұратханқызының,Жазира, Рабиға сынды ұстаздарымыздың дәрістері көмектесті.Ал сабақтар барысында мен үшін жаңа рухани жандар Сократ,Аристотель,Мишель Монтень,Абай,Шәкәрім,Ы.Алтынсарин,Януш Корчак,Л.Толстойдың айтқан сөздері,еңбектері маған өте күшті әсер етті. Мен осы курсқа келгеніме өте қуанамын,өйткені рухани-адамгершілік білімімді толықтыра түстім.Кеудем бір ашылып,кішкентай бір жарық сәуле болашаққа жетелейтін сияқты « Өзін-өзі тану» бағдарламасы арқылы мен енді сабақ беру үрдісінде оқушылар біліммен қатар жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін басты назарда ұстауым керек .Сонда оқушылар заман талабына сай білім ала отырып,адами қасиеттерді бойына жинақтаған,өмірлік ұстанымы бар-тұлға болып қалыптасады деп ойлаймын. Сара Алпысқызының бастауымен жасалған бұл бағдарлама-«Ақылдың –көзі,дананың-сөзі» дегендей заманауи өмірге оралған жаңартылған ілім. Әр адам бойында рухани құндылықтар бар .Оны дамыту,сонымен өмір сүру –әр адамның өзіне байланысты.Ол үшін өте қарапайым болса да,іске асырғанда қиынырақ түсетін жол:тек жақсыны ойлау,жақсыны айту,жақсыны істеу. Бұл бағдарламаның ең қымбаттысы- ол табиғатпен,адаммен,бүкіл әлеммен үйлестірілген,жүйеге келтірілген негізгі құндылықтар:Ақиқат,сүйіспеншілік,дұрыс әрекет,ішкі тыныштық,қиянат жасамау. Мен өмірде де осы бес құндылықты мақсат ретінде алға қойсам,өмірім нұрлы да жарқын болады ғой деп ойлаймын. Бағдарламаның идеясы үшін Сара Алпысқызына,оның мазмұнын ашқан ұстаздарым Райхан Мұратханқызына,Жазира,Рабиға апайларға алғысым шексіз ! | |
Просмотров: 725 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|