Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
ШҚО Семей №25 жалпы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Болесова Гульназ Ерсингазиевна Тақырыбы: Адамгершілік-асыл қасиет Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден – бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие беру. Рухани адамгершілік тәрбиесі оқушылардың қоғамға, отбасына, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Қазіргі кезде ұстаздар қауымының алдында тұрған міндет жастарға рухани тәрбие беру және осы мақсатты ұлтымыздың ұлы ғұламаларының рухани мұраларын жаңғырту, рухани құндылықтарымызды басшылыққа алу. Рухани - адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан, ол ата – аналарының, педагогтарының балалрға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым – қатынастарынан. Ақылды адамдар іздену, ойлану, көп оқу және талмай еңбектену арқылы данышпандыққа, парасатқа жетеді.Ой – өрісі кең, білімдар адамның рухы биік, адамгершілігі жоғары болады, парасаты мен пайымы үндес келеді. Ондай адамдарға әдеп – инабат, салиқалылық пен мейірімділік және тағы толып жатқан кісілік келбетті көрсететін қасиеттер тән болады. Адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. - Адамгершілік дегеніміз не? 1.Адамгершілік, мейірімділікті дегеніміз ар, намыс, адалдық, достық, жақсылық жасау 2. Кейбір адамдар ауыр қылмыс жасап алады да, кінә менде емес, заманда, бәріне заман кінәлі дейді. Заманына қарай адам болмай, адам қай кезде де адам деген атқа лайық болу керек. Сондықтан да мен бұл өмірде адамгершіліктің, мейірімділікті барлық қасиеттерін бойына дарытқан адамдар көп болса екен 3.Адамгершілік деген асыл сөз. Адамның игі іс - әрекеті, еңбек, татулық осының бәрі адамгершілікке жатады. Ар ұят жоқ жерде қылмыста, алдау, арбау, тонауда болады. Жас ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие беру – бұл ізгілікті іс тал бесіктен бастау алады. Балаға өмірді ата – анасы береді. Ата – ананың борышы балаларының тек табиғи қажеттіліктерін орындаудан ғана емес, дұрыс өмір сүруге бағыт бағдар беруге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсуіне бейімдеуден тұрады. Бала өмірге келген сәттен бастап, ата – анасының махаббатына бөленеді, сыртқы ортаға қызығушылығы болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» - дегендей баланың адамдармен қарым – қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым қатынастардың куәсі болуы керек. Себебі бала негізігі өнегені, мейірімді, жылулықты ата – анасынан алады. Ал біздің мақсатымыз осы мейірім мен жылулықты оқушы бойында сақтап, одан әрі жетілдіріп және ой – өрісі кең парасатты, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу. Мінез – құлық пен іс – әрәкеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, имандылық, ар – ұятты сақтау, ізеттілік пен кішіпейілділік, меірімділік, әділдік пен қанағатшылдық, рахымдылық, жомарттық, ақкөңілділік, жауаптылық, шыншылдық, сөзге беріктік – деген анықтама берілген. Адамгершілік – парыз, үлкендерді сыйла, үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай әрекет жасама тағы да басқа моральдық ережелер жаман әдеттен сақтайтын таза ұлы қасиеттер, атадан балаға мирас болып сақталған қазақ халқының моральдық этикасы деп айтуға болады. Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. Міне осындай адамгершілік қағидаларын ұстана отырып, болашақ ұрпаққа, сонымен қатар мектеп оқушыларына білім берумен бірге тәлім – тәрбие беріп, Өмір деген ұлы арнада жақсы, мәнді мағыналы өмір сүру дағдысын үйрете білген ұстаз – нағыз ұстаз! | |
Просмотров: 473 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|