Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Сабақтың мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсінік беру. Сабақтың міндеті: - Атамекенді қадірлей білу, атамекенге қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы түсінік беру; -оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы тарихи білімдерін кеңейту; -өз еліне, атамекенге, туған жерге деген сүйспеншілігін арттыру Пән аралық байланыс: тарих пәнімен байланыстыра өту. Шаттық шеңбері Оқушыларды шеңбер бойына қолдарын ұстатып тұрғызып «Атамекен» әнін орындау. Әңгімелесу «Ойланайық, пікірлесейік» Оқушыларға сұрақтар қоя отырып әңгімелесу. Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді? Адамның туған жері әрқашанда атамекен болады ма? Адамда екі атамекен болады ма? Отан ше? Сен ойлаған атамекен қандай болады? Бабаларымыз атамекенді қалай қорғап осы күнге жеткізді? Атамекеннің көркеюіне қандай үлес қосар едің? Атамекен ата-бабаның қоныс еткен мекені. Адам қай жерде жүрсе де, қандай биіктергекөтерілсе де, ол үшін ең қадірлі, қасиетті өлке – ол Атамекен. Атамекенді сүйе білген адамның бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттері дамитындығын, Атамекеннің көркеюі, гүлденуіғ жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпаққа байланысты болатындығын айтып әңгімелесу. Суреттер арқылы өз ойларыңды жаз. Қазақ халқының басынан өткен тарихи жылдары туралы суреттер көрсетіп, сол суреттер бойынша эссе жазу. (қазақ халқының Рессей мемлекеттінің бодандығында, желтоқсан оқиғасы және тәуелсіздік алғанан бергі суреттерді слайдпен көрсету). Мәтінмен жұмыс Бір шым-шым топырақ. Атамекеннің адам үшін маңызы қандай? «Атамекен», «Туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылығы бар? Өз атамекенің, туған жерің, Отаның туралы айтып беріңдер. Мәтінді оқып, танысқаннан кейін сұрақтарға жауап беру арқылы туған жердің, оны мекен еткен адамдардың, туған ел табиғатының адамның өмір жолына ететін ықпалы туралы әңгіме жүргізу. Тапсырма: “Атамекенім – мақтанышым” тақырбында өз атамекені туралы шығарма жазу. Дәйексөз “Туған жер- тұғырың, туған ел –қыдырың” Жүректен жүрекке Атамекенге, Отанға, туған жердің көркеюіне тілек жаз. Астана қаласы №14 мектеп гимназиясының Мұғалімі Аймағанбетова М.М Пән: Өзін-өзі тану | |
Просмотров: 8172 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|