Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Өмірді танып білуге құштарлық
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы
«Жанай орта мектебі»
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Тюлюбаева Арай Нурмуратовна

Өмірді танып білуге құштарлық

Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара.

Фридрих Шиллер

Мақсаты: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
- өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;
- өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;
- өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа, сызба.
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушылармен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Балалар мұғалімге қосылып, төмендегі өлеңдерді айтады.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Балалар өлең жолдарын кезектесіп айтады.

Адам болғым келеді
С.Дәуітов
Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Бал-бұлақтай мөп - мөлдір таза болғым келеді.
Отты, ойлы жыры бар ақын болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді,
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде - кісі болғым келеді.

Өзіммен өзім
Өмірдің мәнін оқушыларға сезіндіру мақсатында мұғалімнің сөзі арқылы релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады:
-Балалар, ыңғайланып,еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап-таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін.... Әрбір тірі жан иесі: кіп-кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.
Әңгімелесу
Мұғалім оқушыларға өмір сүрудің мәнін ұғындыру және сол бойынша оларға да өз пікірлерін айттыруүшін әңгімелесу жүргізеді.
• Өмірді тану не үшін қажет?
• Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер.
Дәптермен жұмыс бойынша: алтын балықтан «Өзін-өзі танудан не үйренгілерің келетінін» сұраған тілектеріңді айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім тарапынан түйінделеді:
-Дұрыс айтасыңдар. Адам ұзақ, жақсы, бақытты өмір сүру үшін өмірді сүю керек. Ал өмір өзінен, айналасындағы адамдардан, қоршаған табиғаттан құралады. Сол себепті де адам осы айтылғандардың барлығын сүюі, сыйлауы қажет. Адам өмірге қандай болып келсе, өзін сол табиғи күйінде қабылдауы тиіс, жасандылық адамға жат қасиет. Өмірде көп жетістіктерге жету мен жақсылыққа, сый-құрметке, қуаныш пен бақытқа кенелу адамның өмірді танып білуге, оның үйренуге деген құштарлығына байланысты. Көп біліп, білгенін орынды қолданған адамның жақсы өмір сүруі ақиқат. Өмірге адам болып келген соң өмірдің қуанышын, бақытын, жақсылығын сезіну керек. Өйткені өмірді жақсарту, бақытты өмір сүру өз қолымызда.
Тапсырма
Сабақта оқушыларға «Өмірді танып білгім келеді» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім балалардың өмірге құштарлығын арттыру мақсатында «Ата өсиеті» әңгімесін кідіріспен айта отырып, сұрақ қою арқылы оқушыларды да әңгімеге қатыстырады.
Түйіндеме
Мұратқа жету жолын білуге арналған түйіндеме ұсынылады.
Дәйексөз
Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
Мұғалім тақтаға жазылған «Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара» деген Фридрих Шиллердің сөзіне балалардың назарын аударады, оның мәніне тоқталады, түсіндіріледі.
Балалар дәйексөзді дәптерлеріне жазады.
Оқушыларға өмірдегі адамдар мен айналасының қажеттілігін ұғындыру мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.
Жаттығу-ойлану
Балалар үш топқа бөлініп, әр топ өз сұрақтары бойынша плакаттағы сұлбалар сызбасына жауаптарын жазып шығады.
1-топ. Өмірде кімдердің көмегін, қамқорлығын сезіндіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?
2-топ. Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезіне білдіңдер? Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді?
3-топ. Өмірді сүю неге жетелейді? Адамға өмірді танып білу үшін не қажет?
Жаңа ақпарат
Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады:
«Адам айналасын танып білу арқылы өмірге құштарлығы артады. Өз болашағына сенімді болады».
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін» тақырыбына қысқаша әңгіме құрастырыңдар.
2-тапсырма: «Бақытты балалық шақ» тақырыбына сурет салыңдар.
Қорытындылау
Мұғалім оқулықтағы қоржында берілген түйінді сөздерді пайдаланып, бүгінгі сабақты қорытындылайды.
Жүректен жүрекке
Мұғалім сабақта айтылған ойларды қорытындылайды, оқушылар бүгінгі сабақтан алған түсініктерін Ә. Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз» өлеңі арқылы білдіреді.
-Бүгінгісабақтан оқып білгеніміздей өмірді сүю, оған құштар болу-бақытты, жақсы өмір сүруге көмектеседі. Осы өмір өздері сияқты балалардың қызықты әлемі. Өмірдің гүлі де, қуанышы да сендерсіңдер. Өздеріңді сүйіңдер.
Үнтаспадан «Біз өмірдің гүліміз» әнін тыңдайды. Бәрі бірге қосылып айтады.

Біз өмірдің гүліміз

Сөзін жазған Ә.Дүйсенбиев
Әнін жазған Б.Ғизатов

Зеңгір көктен, Бал достыққа,
Нұрын төккен, Жолдастыққа,
Ортақ біздің күніміз Шақырады әніміз.
Жайнап өскен, Тыныштықта,
Жайдары өскен Нұр құшақта,
Біз өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз.
Категория: Самопознание | Добавил: Гульнурик (2012-02-15) | Автор: Тюлюбаева Арай Нурмуратовна
Просмотров: 7399 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 9:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru