Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Урок по самопознанию в начальной школе.
КММ «№31 жалпы орта білім беретін мектеп»

Қ.С Тезекбаева
Семей қаласы
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Өзін- өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік
Мақсаты: Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-«көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру;
-өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту;
-көпшіл болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер, интерактивті тақта, слайдтар.
І Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады. Өлең жолдарын айтады.
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын
Күніміз жарық болсын
Аспанымыз ашық болсын.
Амансыз ба, қонақтар
Амансыз ба, әлем
Баршаңызға амандық сәлем.
Балалар, қане бәріміз күнге қарайықшы. Күн дөңгеленіп қана тұр. Шуағы шашылмаған. Ол үшін күнге сұрақ қояйық. (сахналап көрсету)
Оқушы: -Күн, кімнің досысың?
Күн: - Бәріңе ортақпын!
Оқушы: -Сен кімнің жолысың?
Күн: - Бәріңе ортақпын!
Кәдімгі көліңдей түсетін,
Кәдімгі суындай ішетін,
Ауадай бәріміз жұтатын,
Барлығы әулие тұтатын,
Бәріңе ортақпын!
Балалар, қараңдаршы күн шуағын шашты. Енді, орнымызға жайғасайық.
ІІ Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Өзімшілдік пен көпшілдік»
Сұрақ- жауап
1. Өзімшілдік дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ал, көпшілдік дегенді қалай түсінесіңдер?
Мәтінмен жұмыс
а) Мәтінді төрт оқушыға оқыту
ә) Мәтін бойынша сұрақтар: 1. Маржан достарымен неліктен дұрыс ойнай алмады?
2. Өздеріңде осындай жағдайлар кездескен кезі болды ма? Қандай шешім қабылдадыңдар?
ІІІ Ойын « Шатаспа»
Ойынның мақсаты: Тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.

Керекті заттар: Текше

Ойын барысы: Тәуліктің әртүрлі бөліктері жөнінен балалардың білімдерін бекіту мақсатымен мұғалім әңгіме жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең, түсте, кешке не істейтіндерін еске түсіреді.

Бір балаға текшені беріп, «Таңертең» десе текшені алған бала оянамыз, жуынамыз деп жауап береді. Содан кейін текшені екінші балаға ұсынады. Ол бала жалғастырып, шашымызды тараймыз, тісімізді тазалаймыз десе, келесі бала жаттығу жасаймын, мектепке барамын деп жауап береді.

IV Дәйексөз
Енді, жаңағы айтқан пікірлерің мен ойларыңды ұлы Абай аталарыңның сөзімен қорытындылаймыз.
«Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл»
Мұғалім: - өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады. Ал жалғыз ойнау қызық болмайтыны сияқты, жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды. Көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісе алатын, жеке басының ғана емес, көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді. Ол адам көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді. Ұлы Абайдың «Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл» дегеннің мәнісі осы.
V Жаңа ақпарат
Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды, тек өз мүддесін ойлайды. Ондай адам туыстары, достары, сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді. Бұл жақсы қасиет емес. Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып, айналасындағыларымен тіл табысады. Кеңпейіл, көпшіл болу, сыйласа білу жақсы қасиет.
VІ Жаттығу- ойлану
Тақырыптың мәні ашылды, енді екі топқа бөлінеміз. Келесі кезек «жаттығу- ойлану»
1. Бірінші сыныпта Гена деген бала оқыды. Ол өте талапты, үздік оқушы болды. Мұғалім қандай сұрақ қоймасын, бала бірден қолын көтеріп, толық жауап беретін. Есепті бәрінен бұрын шығаратын. Бірақ жолдастары Генаны жақсы көрмеді. Ол өзін мен өте ақылдымын, маған ешкім тең келмейді деп атап көрсетуге тырысатындығы үшін оны ұнатпайтын.
Оқу жылы аяқталды. Көктемде сыныптастар түгелімен орманға жорық жасауға әзірленді. Балалар қуанышты. Жорыққа алатын заттарды екеуара бөлісетін болды. Лезде екі- екіден бөліністі. Ал Генамен ешкімнің бірге болғысы келмеді. Гена жылап мұғалІмге келді: - Мен ешкімге тіл тигізгенім жоқ, мені неге жек көреді?- деді.
Сұрақ: Мұғалім Генаға не деп жауап берді және қандай ақыл айтты деп ойлайсыңдар?
2. Бекен жолдастарымен бірге серуенге шықты. Үйлерінен дорбаға салып азық алды. Көл жағасында балық аулап, жидек терді, суға шомылды. Қарындары ашқан балалар тамақтанбақ болды. Балалардың бәрі әкелген азықтарын ортадағы дастарханға жайып тастады. Бәрі көңілді отырды. Қараса, орталарында Бекен ғана жоқ. Ол ағаштың түбінде жалғыз өзі әкелген тамағын алдына алып жеп отыр екен. Достары оның бұл қылығына таң ғалып қалды.
Сұрақ: Бекеннің достары оған не деп айтуы мүмкін деп ойлайсыңдар? Сендердің осындай жағдайға кездескен кездерің болды ма? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
VІІ Дәптермен жұмыс
Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адамға тән белгілерді жазады да, оларды салыстыра отырып, өз қорытындысын шығарады. Тапсырманы орындап болған соң жария етеді.
VІІІ Қорытынды
- Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді, өзімшілді ұнатпайды. Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседі, өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді. Көпшілдің жолдастары, достары көп, өзімшіл жалғыз. Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып, өзімшілдіктен қашық болайық.
Жүректен жүрекке
Енді, сабағымыздың соңында мен сендерге жүрекшелер таратамын. Әрқайсыларың бір- біріңе деген жақсы ізгі тілектеріңді бір ауыз сөзбен жүрекшеге жазыңдар. Ол сөздерің мына ағаштың жапырағына төгіп, мәуелі ағаш болыпп өсуіне көмектеседі.
Балалар шаттық шеңберін құрып, тілек айтады.
Категория: Самопознание | Добавил: Жанат (2013-02-14) | Автор: Умирбекова Жанат Кенесказиевна E
Просмотров: 2335 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 4:42 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru