Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьная библиотека |
Тақырыбы:Қазақ тілі сабағында танымдылық белсенділік шығармашылығың интерактивті әдіс және нысанымен оқыту құралы ретінде пайдалану. Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін пайдалану ерекше. К. Д. Ушинский «...өз сабағына барлық оқушыларды тарта білу, белсенділігін оята білу муғалімнің көрсеткіші» - дейді. Сондықтанда менің ойымша ойын элементтерін қолдану арқылы балалар үйренеді, білім алады және жеке тұлғаның мүмкіндіктерін тәрбиелеуге, ерекшелуге көмектеседі деп ойлаймын. Ойын арқылы: 1.Бірлесе оқу, жеке ерекшеліктерді мойындау. 2. Басқаның үлесін бақылау. 3. Барлық жеңімпаз. 4. Басқалар алдындағы жауапкершілік. 5. Қалыптан тыс ойлар. 6. Шешім қабылдау дағдысы. 7. Көз қарастарды бөлісу дағдысы. 8. Түсіну мен практика арқылы есте сақтауды жетілдіру. 9. Өз ара тәуелділіктің өмірлік тәжірибесі. 10. Ұжымның құрылу, сезімдердің дамуы. 11. Өзінің бағасын көтеру. 12.Өзін – өзі басқаларды сыйлауы жүзеге асады. Интерактивті ойын жаттығу арқылы танымдық қызығушылықты, үнемі жаңа нәрселермен танысу үшін,белгісіздік алдындағы қорқынышты жеңе білу, тыныш жағдайдан шығуға оқушының өзін – өзі итермелеуге жол ашады. Ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды ескеріп, орындап отыруды көздеймін. 1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдарды алдын ала дайындаймын. 2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіремін. 3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етемін. 4. Ойынның жүру барысында баланың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың дұрыс шешім қабылдай білуіне, ойлануына, өз ойын еркін ортаға салуына дәлелдер келтіре сөйлеуіне қолайлы жағдайлар жасаймын. 5. Дәстүрлі «Кім көп біледі?» сөз жалғастыру, «Әр әріптен бір сөз» сөздік қорын мойлайтуға, «Ойлап тап» сөз мағынасы туралы ұғымдарды кеңейту, «Топтан біл» ой – өрісін кеңейту , «Не өзгерді?» түбір мен қосымша ерекшеліктері т.б ойындарды қолдану. Жаңа интерактивті оқу – жаттығу ойндарының артықшылықтары бар сияқты, себебі мұнда оқушының жеке пікірін сезімін, ойын, қиялын дамыту мүмкіндіктрі мол. | |
Просмотров: 1202 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|