Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьная библиотека

Талантты тарихшы, өлкетанушы, ғұлама ғалым

 

• Мақсаты:
• Оқушыларды тарихшы, өлкетанушы ғалым
Әбу Сақтағанұлы Тәкеновтың өмірі, шығармалаларымен таныстыру.
• Тәрбиелелігі:
• өз ұлтын, елін сүюге, тарихын білуге тәрбиелеу.
• Көрнекілігі:
• « Ғұлама тарихшы » кітап көрмесі, өлкетанушы, тарихшы ғалымның суреті, слайд.
Кітапханашы:
Әбу Сақтағанұлы Тәкенов 1930 жылы 20 ақпанда Ақтөбе облысының Темір қаласында дүниеге келді. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік дипломмен бітірген соң, өзі туып-өскен өңірдің Қобда ауданына жолдамамен жұмысқа жіберілді. Осы ауданның орталығы Новоалексеевка селосында орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болып бес жыл жемісті қызмет атқарды. Сол кезде педагогтік қызметпен қатар ғылыми жұмыстармен айналысып, Қобда ауданының тарихына байланысты көптеген материалдар жинап, осы тарихи деректер негізінде аудан оқытушыларының тамыз конференцияларында өте қызықты ғылыми баяндамалар жасады, аудандық газетке мақалалар жариялады. Осы кезде аудан территориясында орналасқан Абат Байтақ кесенесі, Қобыланды, Исатай батыр жерленген жерлер туралы республика жұртшылығының назарын аударған іс-шаралар ұйымдастырды. Сол кездің өзінде-ақ ол Ақтөбе облысының тарихымен тығыз байланысты Әліби Жангелдиннің Маңғыстау арқылы Шығыс майданға қару-жарақ әкелген экспедициясы туралы, азамат соғысының шешуші кезеңіне айналған Ақтөбе майданының ақ гвардияшылармен шайқасы туралы тың деректер жинады.
Қысқа мерзімнің ішінде Ә. Тәкенов Қобда ауданы еңбекшілерінің үлкен құрметіне бөлінеді. Сондықтан аудан орталығының тұрғындары оны Новоалексей селолық кеңесінің депутаттығына сайлады. Әбу Сақтағанұлының жемісті еңбегі үкімет тарапынан «Тың және тыңайған жерлерді игергені» үшін медалімен бағаланды.
Педагогикалық салада аз уақытта үлкен жетістіктерге жеткен Әбу Сақтағанұлына аудандық партия комитеті тарапынан лауазымды қызметтер ұсынылғанына қарамастан, өз бойындағы ғылыми қуатын сезінген ол әке-шешесі, өмірлік жары Сара және үш баласымен кездесер тұрмыстық қиыншылықтарды біле тұра, Алматыға көшіп, ғылыми ізденушілік жұмыспен айналыса бастады.
Алматыда аспирантурада оқыған кезде оған ғылыми жетекші болып қазақтың тұңғыш профессионал тарихшысы Ермұқан Бекмаханов бекітілді.
Ғұлама ғалым мен алғыр шәкірттің ғылыми одағы тез арада-ақ өзінің жемісін берді. Сөйтіп Әбу Сақтағанұлы 1964 жылы 16 наурызда «Еңбекшілердің 1918 – 1919 жылдары Ақтөбе майданында ақ гвардияшылармен күресі» деген тақырыпқа тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын табысты қорғап шықты.
Бұл кезде Қазақстан тарихы бойынша ғылым кандидаттары өте аз болатын. Әбу Сақтағанұлы осы аз шоғырдың арасында университетте ұстаздық қызметпен тұрақты айналыса бастады.
Ғалымның ғылыми ізденісінің нәтижесінде зерттеу объектілерінің ауқымы кеңейді. Қазақстан тарихында бұрын зерттелінбеген тың тақырыптар: қазақ халқының интернационалистік байланыстары, тарихи деректеме, аймақтық тарих мәселелерінің көп қабатты күрделі проблемалары оның терең ғылыми жұмыстарының өзегіне айналды.
Ерекше атап өтетін нәрсе, Ә.Тәкенов сол тұстағы көпшілік тарихшы ғалымдар сияқты тарих ғылымын саясаттандырып, коньюктуралық уақытша маңызды тақырыптарды қаузалап, ұсақталуға бой ұрмады.
Оның осы қасиеті туралы академик Манаш Қозыбаев: «Біздің тарих деген ғылымымыз жатқан мұхит. Оған көптеген жылғалар, өзендер келіп құяды. Мұнсыз мұхит болмайды. Әбудің тарих ғылымының деректеме саласына көңілі түсті. Осы салада қыруар жұмыс істеді» деп атап көрсеткен болатын.
Әбу Сақтағанұлы қазақ халқына қиын кезде қол ұшын берген интернационалистер туралы көптеген материалдар жинап, олар туралы ғылыми жинақтар мен журналдарға көптеген мақалалар жариялады, кітаптар жазды. Ұлы Октябрь (1917) социалистік революциясынан кейін Қазақстанда тұрып қалған, елімізде социалистік құрылысқа белсене қатынасқан бірінші дүниежүзілік соғыстың тұтқындарын анықтап және олардың ұрпақтарын тауып, қаза болған интернационалистердің зираттарын олардың туыстарына көрсетіп, үлкен азаматтық істерді жүзеге асырды.
Сол интернационалистердің бірі Шпрайцер Владимир Ивановичтің ұлы Владимир Владимирович Шпрайцер 1987 жылы Әбу Тәкенов ұйымдастырған «Әліби Жангелдиннің Қызыл керуені ізімен» деп аталатын тарихи-ғылыми зерттеу экспедициясының құрамында бізбен бірге болды. Ол өзін «Қаракесек Володямын» дейтін және Әбу ағаны кәсіби тарихшылығы мен жоғары интеллект иесі, азамат ретінде құрметтейтін.
Әбу Сақтағанұлына интернационалистер мате залка, маречек, Шпрайцер ұрпақтары бас иіп тағзым етеді. Ғалым Мәскеу, Ленинград, Орынбор, Алматы қалаларындағы архивтер мен мұражайлардан жеке өзі жинаған деректер негізінде ғылыми ортаға жаңа қырымен танылды, тарихты
сүйіп оқитын оқырмандар оның ғылыми қуатын, шығармашылық жаңашыл ізденістерін жоғары бағалады.
Ғалым докторлық диссертациясын өте тыңғылықты даярлады. Кезекті ғылыми дәреже алғанға дейін диссертациялық жұмысының мазмұнын ашып, ғылыми жаңалықтарын көпшілікке таныстыру мақсатында ол зерттеушілер И. Д. Очагпен, К. Нұржаубаевпен бірге бірнеше кітаптар жазды.
Ұзақ жылғы ғылыми ізденістерінің қорытындысы ретінде Ә. Тәкеновтің «Узы интернациональной дружбы (Интернациональные связи трудящихся Казахстана и зарубежных стран в 1917 – 1937 г.г.)» деген кітабы 1980 жылы Алматыда «Кітап» баспасынан жарық көрді.
1984 жылы университеттегі ғылыми-педагогикалық қызметі үшін «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.
Елімізде қайта құру процесі жүзеге асырылып, Қазақстан тәуелсіздік алған шақта, қазақ халқының тарихын жаңа көзқарас негізінде жазу мүмкіншілігі пайда болды. Оны Әбу Сақтағанұлы елімізде тарих ғылымын дамыту бағытында тиімді пайдалана білді. Сөйтіп оның бастамасымен тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа көзқараспен бағалау тұрғысында көптеген келелі іс-шаралар жүзеге асырыла бастады.
Ә.Тәкенов Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс тарихының мәселелерін бұрынғы коммунистік партия идеологиясы емес, қазақ халқының ұлттық мүддесі тұрғысынан қайта жазу қажеттігін өзінің проблемалық мақалалары мен сұхбаттарында негіздеді. Ол қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдау үшін 1986, 1991 және 1996 жылдары өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларды ұйымдастырушылардың алдыңғы тобында болды.
Мен Әбу ағаның ұсынысымен «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихының мәселелері (Батыс Қазақстан материалдары негізінде)» деген тақырыпқа профессор Ж. Қасымбаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғадым. Сол сияқты Еркін Ермаханов «Дала облыстарындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихының мәселелері» деген кандидаттық диссертацияны қолға алды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихын оқытудың ең өзекті проблемасы — деректану ісінің әлі де жолға қойылмағандығы болып табылады. Ғалым аға осы мәселені шешу бағытында көп еңбек атқарды. Ол өзі оқыған Қазақ мемлекеттік университетінің тарих және этнология факультетінде алдымен архив қызметкерлерін дайындайтын қазақ бөлімін, ал 1991 жылы «Деректану және архивтану» кафедрасын аштырып, осы кафедраны өзі басқарды. Осы бөлімді бітірген елуден астам түлектер Қазақстанның көптеген облыстарында білікті маман ретінде қызмет етуде.
Ә.Тәкеновтің деректану мәселелеріне арналған ғылыми ой-пікірлері Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жарық көрген «Ғылым көкжиегі» деген жинаққа енгізілді. Сөйтіп ол тарихи деректану ғылымының негізін салған ғылымға айналды.
Кітапханалардан алынып тасталып, өртелген М.Шоқай, Е.Бекмаханов, С.Асфендияров, Т.Шонанов және С.Қожановтың еңбектері оның редакциясымен және алғы сөздерімен бірінен соң бірі тәуелсіздіктің көктемінде тәуелсіз елдің тарихи санасының алғашқы қарлығаштарындай болып қазақ оқырмандарымен қауышты. Сөйтіп ел тарихын шынайы сүйетін қауым көп жылдардан соң, нағыз тарихшылардың ғылыми тұрғыдан жазған тарихи еңбектерімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл Әбу Сақтағанұлының ұстаздар алдындағы өз парызын орындауы және азаматтық ерлігі еді.
1993 жылы Ә.Тәкеновтің алғы сөзімен Мұстафа Шоқайдың «Туркестан под властью Советов» деген кітабы қайта басылып шығарылды. Ол «Мұстафа Шоқай өмірінің кейбір қырлары», «Түркістан легионы және Мұстафа Шоқай туралы не білеміз?», «Мұстафа Шоқайдың соңғы жазбалары» деген мақалалар жазды.
Әбу Сақтағанұлы еліміздің ғылыми педагогикалық өмір саласында өте белсенді қызмет атқарды. Ол Қазақстан өлкетанушылар қоғамының төрағасы болып көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен болатын. Сонымен қатар 1989 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде ашылған «Отан тарихы» диссертациялық кеңесінің мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің арнаулы ғалымдар кеңесінің төрағасы, «Қазақ тарихы» журналы редакциясының алқа мүшесі болып, педагог-ғалым ретінде көп жылдар бойы абырой биігінен көріне білді.
Әбу Сақтағанұлы жайсаң мінезді, ақын жанды еді. Әбекеңнің осы қасиеттері туралы профессор Кеңес Нұрпейісов: «Әбу Сақтағанұлы туған халқының көп салалы мәдениетін, әсіресе, оның ауыз әдебиетін жетік білетін және сүйетін. Ол көңілі түскенде өзі дүниеге келіп, азамат болып қалыптасқан, еліміздің батыс өңірінің ақын-жыраулары мұрасының інжу-маржандарын жатқа айтып, әнші-күйшілердің өмірлерінен көпшілік біле бермейтін жайттар жөнінде қызық әңгімелер шертуші еді. Әбекең өзі де өлең шығаратын. Ол өлеңді жазып та, реті келгенде суырып салып та айта беретін. Ол қайтыс болардан бір-екі ай бұрын Тәкеновтер әулеті жөнінде өзі жазған шежіре - толғауды маған оқып берген еді. Әбекеңнің той-томалақта, дастарқан басында немесе бірге жолаушылап сапар шеккен кездерде дос-жарандарына арнап әзіл өлеңдерді аяқ астынан шығарғанына сан рет куәгер болдым» – деп жазды.
Әбу Тәкеновтің шәкірттері Қазақстанның барлық аймағында жемісті қызмет етуде. Тек ғана Ақтөбе өңірінен шыққан тарихшылар Г.Нұрғалымова, М.Тәжібаев, Ұ.Ысмағұлов, Е.Медеубаев ол кісіні өздерінің рухани ұстазы санайды, оның есімін әрқашан ілтипатпен еске алып отырады.
Әбу Тәкенов талантты тарихшы, ғұлама ғалым ретінде елдің есінде қалды. Оның есімі энциклопедияларға енгізілді, Темір қаласында Әбу Тәкенов атындағы көше бар. Ең бастысы, Әбу Сақтағанұлының ғылыми еңбектері ел игілігіне айналды.

 

Категория: Школьная библиотека | Добавил: Rizo4ka (2014-06-03) E
Просмотров: 1460 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 7:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru