Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьная библиотека

Кемеңгер келбеті.
ШҚО.Көкпекті ауданы.
Мамай ауылы. «Аманкелді атындағы орта мектебі»КММ.
Кітапханашы Жүдеуова Нәзигүл Закерғалиқызы

Кемеңгер келбеті.
(1-желтоқсан-тұңғыш ел Президенті күніне орай кітапхана сабағы)
Мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздігінің баянды болуына, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне бар күш-жігерін аямаған еліміздің мақтанышы Елбасымыз туралы баяндау, оқушылардың бойына туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: кітап көрмесі: «Елбасы Жолдауы-ерліктің арқауы»,
Бүктеме: «Елбасы-ұлт мақтанышы»
Кітапханашы: 2012 жыл 1-Желтоқсан ел Президенті күні болып күнтізбеге кірді. Бұл күннің атаулы күн болып бекітілуі Елбасымыздың еңбегіне, беделіне лайықты іс. Біздің елімізде түрлі ұлт өкілдері тұрады. Елбасымыздың саналы түрде жүргізген ұлтаралық келісімінің арқасында Қазақстан достық пен бейбітшілік мекеніне айналды. Осының бір дәлелі болып үстіміздегі жыл «Қазақстан Халқы Ассамблеясының» 20 жылдығы болып атап өтілді. Қазақстан халқының жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімі ұялады. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері-әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Елбасының «Мәңгілік Қазақстан» жобасының мақсаты-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Бұл Жоба ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.
«Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы-барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы болады. Осы стратегияны мүлтіксіз орындаған кезде ғана біз ең дамыған 30 елдің қатарына кіре аламыз. Бұл елдігіміз бен бірлігіміз,ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан» деген Елбасымыз Қазақстан Халқына өз Жолдауында.
Небары 24 жылдың ішінде осындай байтақ қазақ жерінде бұрын соңды болмаған жаңа мемлекет-Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Осы Ұлы көшті Н.Ә.Назарбаев бастады. Осындай ұлан-ғайыр мемлекет орнатып, халқының көңілдегісін жасаған Назарбаевтай кісіні Ұлы даланың тарихы білген емес.
Слайд « Ғасырдың біртуар ғажап азаматы» -Назарбаевтың өмір жолдарына шолу.
1973-1977 жылдары-Карметкомбинаттың партком хатшысы;
1977-1979 жылдары-Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 хатшысы;
1979-1984 жылдары –Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы;
1984-1989 жылдары-Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы;
1989-1991 жылдары-Қазақстан КП Ок бірінші хатшысы;
1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды;
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2011 жылы 3 сәуірде мерзімінен бұрын сайлау болып нәтижесінде 95,5 % дауыс жинап Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланады.
2015 жылы 26 сәуірде кезектен тыс өткен жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев жоғары көрсеткішке ие болып, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы егемен, өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Тәуелсіздік алғаннан кейін 4 маусым 1992 жылы Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Тудың авторы суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов және алғашқы әнұран қабылданды. Одан кейін 2006 жылы әуені асқақ, сөзі жатттауға жеңіл, отандық ерекше рух беретін жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды. Ол бәрімізге белгілі «Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Әні белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтікі. 993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы Теңге дүниеге келді.
1997 жылы Елбасымыз астананы Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1997 жылы 20 қазанда Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының Астанасы деп жариялауға қол қойылды. Яғни, біздің астанамыз Астана қаласы болып бекітілді, ал Алматы қаласы бас қала болып қалды.
Тәуелсіздік алған соң Елбасымыз тіл мәселесін басты назарға қойды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Ата Заңымызды қабылдадық . 1991 жылы 29 тамызда Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды. 1992 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бірікке Ұлттар Ұйымына қабылданды. 1995 жылғы 1наурызда Қазақстан Халықтарының ассамблеясы құрылды. Міне, Н.Ә.Назарбаев Президент болған аз уақыт ішінде осыншама жетістіктерге жеттік. Тәуелсіз Қазақстанды әлем таныды. Осының бәріне Президентіміздің қосқан үлесі зор.
Әдеби монтаж: « Гүлденген елім менің»
1-оқушы: Жалғанның жартысындай қазақ елі,
Алған көздің жауын сұлу жері.
Ақпейіл, дархан көңіл халқымыз бар,
Болғанда бірі батыр, бірі сері.
Әз бабам азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай шаһид кеткен.
Солардың құдіретті ой-арманы,
Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.
2-оқушы:
Егеменді елдігім,
Баянды болсын теңдігің!
Дәуірдің күрестерінде
Үзілмесін белдігің!
Тәуелсіздік,Тәуелсіздік-жыр,әнім,
Көк байрағым, елтаңба, Әнұраным.
Атыңнан айналайын тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным.
3-оқушы:
Басты алға азат ел-анамыз,
Жол бастап Елбасы –данамыз.
Гүлденді кең-байтақ даламыз,
Түрленді сәнді сан қаламыз.
Елдікке, бірлікке сенеміз,
Ерлікке, тірлікке кененбіз.
Қажырмен қарыштап келеміз,
Болашақ бағына енеміз.
4-оқушы:
Басқарған Елбасы ұлы іс-
Басталған жаңаша құрылыс.
Баянды басталды бетбұрыс,
Оңғарған ер көсем құрып іс.
Жаңаша дарыған білімім,
Жарыса дамыған ғылымым.
Қазақтың өркенін өсірген
Азат күн-бақытым-Ұлы күн!
5-оқушы:
Оразақын Асқар.
Елбасымыз алысты көрсін,
Ел-жұртымыз табысты болсын.
Малымыз төлдеп, егініміз көктеп,
Дастарқанымызға ырыс толсын!
Қыздарымыз сұлу,
Ұлдарымыз намысты болсын!
Көршілеріміз тыныш болсын!
Таңдағанымыз жұмыс болсын!
Нарық қалтаны қақпайтын болсын
Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын.
Қазақстанның барлық азаматтары,
Қазақша сөйлеп, алға аттайтын болсын!
Мәдениетіміз мәндіболсын,
Тұрмысыз сәнді болсын.
Бәрін айт та бірін айт,
Дербестігіміз мәңгі болсын,Әумин!
Кітапханашы: Асқақ рухты, асыл жүректі перзентінің арқасында еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен ел, Тәуелсіз мемлекет болғалы 24 жыл болды. Бұл жылдар еліміз үшін өсу, өркендеу, шарықтау жылы болды. Аз ғана жылдар ішінде Сарыарқаның төрінен әсем қала астана қаласы бой көтеріп, әлем халықтарын таң қалдырар дәрежеде сәулеті мен сәнін түзеді. Әлемдік дәрежедегі үлкен-үлкен іс-шаралардың қазақ жерінде өтуі елімізді алпауыт мемлекеттердің де мойындағанын көрсетеді. Еліміздің ғылым, спорт, өнер саласындағы жетістіктері соның айғағы. Ал 2017 жылы өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі үлкен абыроймен өтіп, ел даңқын бұрынғыдан да асқақтататына еш күмән жоқ.
Еліміздің жеткен ең үлкен жетістігі-тыныштық, бейбітшілік. Бір сәт дүниенің төртбұрышыа құлақ түрсек, дүрбелең дүниенің дүмпулерін естиміз. Көңіліңе қорқыныш кіреді. Сол кезде шаңырағымыз шайқалмай, ұямыз бұзылмай, тыныштықта өмір сүріп жатқанымызға шүкіршілік етеміз. Осының бәріне сара жол салып берген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатына, асқан көрегендігіне тәнті боламыз. Ынтымағы жарасқан көп этносты мемлекетіміздің іргесі берік, ұлтымыздың ұлықтайтын азаматы Елбасымыз аман болғай!

Пайдаланылған әдебиеттер: «Еуразия жүрегінде» кітабы, «Қазақстан патриоты», «Мектептегі мерекелер», «Мектеп кітапханашысы» басылымдары.
Категория: Школьная библиотека | Добавил: Айнура9433 (2015-11-22) | Автор: Кемеңгер келбеті.
Просмотров: 719 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 3:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru