Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьная библиотека

Күз ханшайымы
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер!
Сіздерге даярлық тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін
«Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.
Ата - ананың аялы алақанындағы балалық шақ, мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге бірге қыздарымыздың да ақылды да, парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан, бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. Ахметқалиева Н.
2.Қалибекова Г. 3.Жолаева Ж.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысты біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын. Музыка ойналып тұрады)
Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып - тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1. Менің ата - тегім. (Өзін - өзі таныстыру.)
2. Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)
3. Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
4 « Шебер қолдар»(Ата - аналармен бірлесіп жасаған қол өнер жұмыстары)
5. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
Жүргізуші: «Күз ханшайымы» сайысына қатысушы аруларға арнап, тобымыздың әншісі Аружан әсем әнін арнайды.
Ән: « Ертегілер»
«Менің ата - тегім»
1. Өзін - өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)
1. Қапасова Алтынай Армысыздар көрермен, Өнерменен көгерген. Таныстырам өзімді, Мен боламын Қапасова Алтынай.
Құрбыммен бұл сайыста тең боламын,
Қызымын өсіп - өнген кең даланың.
Бүгінгі ханшайымдар сайысында,
Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын.

2.Қалиқанқызы Перизат Сайысқа шығып тұрған, Мен әкемнін қызымын. Тәлім беріп шынықтырған, Жан анамнын гүлімін.
Тең түсіп өзгелермен терезесі,
Дарыған ата - баба өнегесі. Қалиханның бір қызы, Перизаты мен болам.
3. Серікқали Айзат
Атам мен апам менің жанашырым, Өкпелетпей, ренжітпей ұғатын бала сырын. Атам Серік, апам Күләш, атым Айзат , Атамның еркетай баласымын.
Осы күнге сақтаған,
Тақпағым бар жаттаған.
Сайыс десе жайнаймыз,
Намысымды қайраймын.
Тоты құстай құлпырып,
Сандуғаштай сайраймын
Сайыстың «Өзін - өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ - қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.
Би: «Қара жорға»
2. «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу)
Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып, ұнатқан жеміс - жидектерін алғызып соның жұмбақтарын шешкізу.
1. Жұдырықтай қызыл шар
Тілді үйірген шырын бал (Алма)
2. Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты,
Дәмі бал сияқты. Ол не? (Шие)
3 Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,
Пышақ тисе қып - қызыл болып жарылар (Қарбыз)
4 Жер астына түседі,
Сап - сарғыш боп піседі ( Сәбіз)
5 Күннен көзін алмайды.
Өзгемен ісі болмайды. (Күнбағыс)
3. «Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»
( Тақпақтарымен таныстырып, мамаларымен бірлесіп дайындаған салат түрлерін әділ - қазыларға ұсынады)
1. Алтынай (Алма)
Нарттай қызыл алмам бар,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем
2. Алтынай(сәбіз)
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпын,
Мен жазықсыз сәбізбін.
3. Перизат (Шие)
Тіл үйірген шырыным,
Жемістердің бірімін.
Мен маржандай шиемін,
Ұнатамын күн нұрын.
4. Перизат(Дән)
Жарып шыққан қауызын,
Дән өмірлік азығым.
Жегеніңде ақ нанды,
Нәрге толар ауызың.
5. Айзат(Апорт алмасы)
Бақ ішінде алма алмалар,
Бар жемістен бағалы.
Көзген адам таңданар,
Көздің жауын алады.
Ән: «Айгөлек» Топ.
Әділ - қазылардың берген бағасы.
4. «Шебер қолдар» (ата - аналармен бірлесіп жасаған жұмысы)
Арулар жасаған жұмыстарын әділ - қазыларға ұсынады.
Ән: «Біз балдырған баламыз.
Әділ - қазылардың берген бағасы.
5. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету)
Арулар дайындаған өз өнерлерін ортаға салады. Бірі би билеп, бірі ән айтады.
Әділ - қазылардың берген бағасы.
6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )
Әділ - қазылардың берген бағалары.
Жүргізуші: Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі,
Үміт етер өздерің.
- дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.
Әділ - қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз.
Ән: «Айналайын» Мағжан, Нұртай.
«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп, грамота тапсырылады.
1. «Күз ханшайымы» - Қалиқанқызы Перизат
3. «Өнерлі ару» - Серікқазы Айзат
5. «Шебер ару» - Қапасова Алтынай
Категория: Школьная библиотека | Добавил: aitkali (2017-12-05) | Автор: Сембаева Жанар Тоқанқызы
Просмотров: 854 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-12-10, 11:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru