Главная » Статьи » В помощь учителю » Дополнительное образование |
«Өзін-өзі тану» гимназиясы қосымша сабақ беру пәнінің мұғалімі Сәдуақасқызы Асыл Аспаптар Әрбір халықтың ардақ тұтар айбыны мен ішкі әлемінің айдыны есепті ешбір нәрсемен алмастыруға болмайтын ұлттың өзімен бірге туындап, біте қайнасып келе жатқан киелі мұрасы бар. Адам сезімінің ішкі толқынысын, сезім шеруінің нөпірін таңғажайып үн, әуен, ырғақпен жеткізе білетін қазақтың қара қобызы мен қоңыр домбырасы, сырлы сыбызғысы арқылы пайда болған күйлерді осындай мұра қатарына жатқызуға болады. Қазақтың арғы тегі мен түп-тұқиянына тереңдегісі келген жанның қай-қайсыс да осы музыка аспаптарына көз тоқтатпай өтпейтіні хақ. Әсіресе, ұлттың рухани әлемі мен жан сұлулығы, ерлігі мен өрлігі, даралығы мен дарындылығын, дархандығы мен даналығын тағы да көптеген алуан қасиет-қабілетін осылардың үнтөкпесінен таниды, сезінеді, тебіренеді, тәрбие көреді. «Домбыра көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі». А. Жұбанов.Сыбызғы, қобыз, домбыра Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Көк түріктер жайлы дерек көздер кездеседі. Бір таңғаларлығы, осы айтылған үш аспап белігілі бір дәуірлерде өздерінің даму сатысында айрықша даңққа бөленгенін көруге болады. Ескі замандардан осы аспаптарда орындалатын әуен-саздардаың жалпы атауы «Күй» деген сөзбен аталуы себептерін ашып берген Құдайберген Жұбанов өзінің очеркінде: «Күй» деген сөздің арғы тегі «Көк» пен байланыста болған. Күйдің көкпен, аспанмен байланыста болғанын көреміз. Көк пен су кезінде бір ұғым болған. «Домбыра көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі». А. Жұбанов Дабыл – қазақ арасында көп тараған, дыбысы күшті, сылдырмақты, соғып ойнайтын музыкалық асапап. Шанағының екі жақ беті терімен бірдей қапталады. Дабылды жауынгершілікте, жорықта, аңшылықта пайдаланған. Алып жүруге ыңғайлы болу үшін бір бүйіріне қамыстан ілмек жасалады. Халықты той*думанға жинац немесе аңшылықта аң құстарды үркіту үшін пайдаланған. Даңғыра – бұл да қазақтың ұрмалы аспабы. Дөңгелек ағаш шанағының бір жақ бетіне жұқа, кепкен тері қапталады да, іш жағына шынжыр, шығыршық, қоңырау, шалдырауық сияқты темірлер тағылады. Даңғыра көне заманнан бақсылардың қолында болған. Дауылпаз – Қазақстан жерінде ертеден келе жатқан, соғып ойнайтын аспап. Ел ішінде дауылпазды мыстан жасайды. Мыс шанағына тері кереді. Сол керілген теріні қамшымен ұрып, дыбыс шығарып тоырады. Ертеде дауылпазды аңшылықта, қаршыға салғанда пайдаланған. Көлде отырған үйрек, қазды үркітуге қолданған. Судағы құс ұшпаса, қаршыға ала алмайды. Сондықтан осы дауылпаз арқылы қаз, үйректі үркітіп ұшыру керек. Сонда қаршыға құстың астынан келіп қиып тастайды. Дауылпаз тек қана аңшылықта емес, ол 18 ғасыррға шейін Абылай ханның тұсында шайқас шеруінде пайдаланған. Қобыз Бұдан жүз жыл бұрын Париж қаласында басылып шыққан Поляк революционері Бронислав Залесскийдің «Қырғыз далаларындағы тіршілік» атты альбомын оқи отырып Болат Сарыбаев көптеген мағлұмат алады. Маңғыстау өңіріне жер аударылған Залесский өзінің альбомында қазақ ертегілерін жазып, ол ертегілер бойынша өзінше суреттер де салған. Гравюралык, бір суретте Мырзақай деген жыршы бейнеленген. Оның қолында мойыны қысқарақ, пернесіз, шанағы ойыңша етіп жасалған шагын аспап бейнеленген. Аспапты сол қолына ұстап, оң қолының саусақтарымен шертіп ойнайтыны көрініп тұр. Сондықтан бұл аспапты Сарыбаев шертер деп тұжырымдады. Және мұны ол музыка аспаптарын жасайтын экспериментальды шеберханада альбомда көрсетілген жетігеннің үлгісін жасады. Тағы да сол альбомда жазылғандай бұл аспапты дала әншілері мен жыршылары ән айтқанда өз әндерін сүйемелдейтін болған. Бұл күнде ол көне аспаптың көмейінен күй төгіліп, ңайта жаңғырды, жетілдірілді. Шертер ішектері күйге келген сайын қазақтың дархан жатқан дала, желпіген самал жел сізге жусан иісін жеткізетін сияқты. Баяу көрсетілетін кино әдісі сияқты көз алдында қалқып бара жатқан тұлпар тұяғының дүрсілі, аспан көгінде қалқыған бозторғайдың үні құлаққа үйіріледі. Музей жаймасына орналасңан әрбір көне аспаптың әрқайсысының өзіне тән үні бар, техникалық мүмкіндіктері де әр түрлі. Қазір бұл көне аспаптардың жетілдірілген түрлерін іс жүзінде тексеріп-тыңдау мақсатында Алматыда «Жетіген», Торғай облысында «Шертер» және «Ғасырлар үні» атты ансамбльдердің құрылғаны белгілі. Сондай-ақ көне аспаптар «Дос-мұқасан», «Гүл-дер», «Айгүл» және «Алтын дән» сияқты эстрада-лық жастар ансамбльдерінің құрамына да енгізіліп жүр. Олардың орындауындағы ән-күйлер жаңа ырғақпен, тамаша әсер қалдырады. Біз оның бірінен ескі Отырар әуенін тыңдасақ, екіншісінде бүгінгі жастардың жаңа әуені сыр болып шертіледі. Себебі музыка адам жүрегінің тереңінен жарып шыққан жан самалы, жан сыбдыры болып ұрпақтан-ұрпаққа ортақ тіл, жүрек тілімен жалғасады. Музейге келушілердің аса ризалың сезіммен жазып қалдырған пікірлерінде көне музыкалық аспаптарды қалпына келтіріп, оны жетілдіре түскен зерттеуші еңбегінің ұрпақ үшін құндылығы айтылған. «...Зерттеуші, ғасырлар бойы үнсіз жатқан көне музыкалық аспаптарды қайта жандандырды. Оларды қалпына келтіріп, жетілдіре түсуде бар уақытын сарп етіп, аса игілікті жұмыс жасаған». Міне, бұл сөздерді белгілі композитор, музыка зерттеушісі И. Бродский халықтың ұмыт болып бара жатқан көне музыка аспаптарын қайта жаңартып, бүгінгі ұрпақтың қажетіне жаратқан, талмай ізденіп, зерттеу жұмыстарының жемісін көріп отырған Болат Сарыбаевқа арнаған. Сондай-ақ Венгрия, Чехославакия, Индия, Жапония, Италия, Франция, Белгиядан келген қонақтардың жазып қалдырған зор ықыласты сөздері де осы аспаптарда ойналатын музыканың қайталанбас аккордтары сияқты. Мінезі жарқын, есігі ашық пәтер — музейдің иесі және оның экспонаттары келген адамның көз алдынан, көңіл зердесінен көпке шейін кетпейді. Бірі қамыстан, бірі саз балшықтан, енді бірі мал терісі мен сүйегінен және темірден жасалып, ойып өрнектелген музыкалық аспаптардың әрңай-сысының өзінше ерекше үні әрқашанда сіздің құ-лағыңызда қалады. Себебі, оларда өткен ұрпақтың күлкісі, қуанышы, дауысы бар. Ол әрбір көктеммен Сіз оның қашан жасалғанын білесіз бе? Археологтардың жорамалдауы бойынша, ол жер астында жүздеген жылдар бойы көміліп жатқан. Табылған соң да бұл саз-сырнайдың көмейінен күй бірден төгіле қойған жоқ. Болат Сарыбаев оны ұзақ тексерді. Көптеген жөндеуден кейін ғана барып, дыбыс шығаруға мүмкіндік алады. Қазір бұл аспапта күй ойнауға болады. Міне, сөйтіп ғасырлар бойы үнсіз жатқан саз-сырнайдан ғасыр үні қайта жаңғырды. бірге қайта жаңарып құлпыратын, түлей тү-сетін өмірдің өзі сияқты. | |
Просмотров: 565 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|