Главная » Статьи » В помощь учителю » Дополнительное образование |
«Мамандығым-мақтанышым»(эссе) Мен - тәрбиешімін! Тәрбиеші... бұл не деген сөз? Неге осылай аталған? Естігенде, қарапайым сөз сияқты, мағынасына үңілсек терең ой жатыр! Тәрбиеші – тәңірден жіберілген адам, сондықтан ол адамға бойындағының бәрі Алладан берілген! Мейірімділік, ұқыптылық және сенімділік, және барлығына, бәріне қамқоршы бола білу. Сіздер менен сұрарсыздар: Неге мен тәрбиеші мамандығын таңдадым? Бұл сұраққа жауап осындай: мен үшін бұл тек жай мамандық немесе жұмыс емес, бұл жанымның жайы, өмірімнің салты.Әр адам өз өмір жолын өзі таңдайды. Мен бақытты адаммын…Сүйе білетін адаммын, ал бұл сүйікті болудан мың есе тамаша. Лев Николаевич Толстой айтқандай: «Сүю – деген бұл кімді сүйсең, соның өмірімен сүру» деп бекер айтпаса керек. Шығармашыл адаммын! Балаларды «өмір гүлі» десе, тәрбиешілерді «бағбандар» деп атау тегін емес. Сол себепті маған жер бетіндегі ең қымбат қазына-балаларға ақыл, мейірім, мәңгілік сияқты асыл қасиеттерді себу жүктелген. Мен – Тәрбиешімін!…Мен осымен мақтанамын! Әлемде мамандық түрі әр алуан, бірақ бұл мамандықты таңдамайды, ол сені таңдайды! Бұнда кездейсоқ адамдар болмайды, себебі жай жүрген адам бұл мамандықты алып жүре алмайды. «Тәрбиеші деп мамандықты оқып, қолына диплом алған адам емес, мұғалім деген ол осы ұлағатты есіммен бірге жасайтын ұлы тұлға. Мамандыққа деген сенімділік сирек кездеседі, ол тек соған құрбан еткенде ғана дәлелденеді.» Біреулер үшін бұл жол - қиын да, соқтықпалы болуы мүмкін. Осы есімді мақтанышпен алып жүрген адамдарға бір ортақ қасиет бар, ол балаларға өз жүрегің сыйлап, онсыз өмір мәнін елестете алмау. Мен үлкен әріпті педагогтар бар екеніне тағзым етемін, шеберлікті ғана көрсетпейді, сонымен қатар адами құндылықтар да өте маңызды. Ал ендеше мен өзімді үлкен әріптен тұратын тәрбиеші деп айта аламын ба? Менің ойымша, бұл сұрақтың жауабын әріптестерім, ата-аналар, «менің балаларым» айта алар. Жұмыс үрдісі маңызды емес, ең бастысы әр мезетте балалармен өткізген шағың қымбат. Баланың махаббаты ол кез келген марапаттаулардан да артық болады. Жауапты істің маған жүктелгенін және сол арқылы келешекте балаларды тәрбиелеуді “№ 26 мектеп – бала - бақшасында” ат салысатыныма мақтанамын. Менің педагогикалық ұстанымым: «Бала- бұл толтыратын ыдыс емес, ол - от, жалын оны тұтанып жандыру керек». Менің қалауым бір, әлемдегі барлық балалар бақытты болсын!! | |
Просмотров: 1567 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|